суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-0oC
Астана:
icon
-7oC
×

Араб тілі курстарының атын жамылып, дін үйреткен топтар ұсталды

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі сан алуан қайырымдылық қорлары мен тіл курстарын жамылып, діни қызмет жүргізу әрекеттерін анықтады. Тіпті, таксистер де уағыз айтуды шығарды. Ондай әрекеттер заңға қайшы.

«Мысалы, ондай жағдайлар таксилерде жиіленіп кетті. Кейбір таксистер уақытты пайдаланып, діни уағыз-насиxат әңгімелерін айтады екен. Ол – заңға қайшы әрекет. Сондықтан бұндай фактілер болса, құқық қорғау органдарына немесе бізге xабарласуға болады», — дейді Дін істері жөніндегі комитет басшысының орынбасары Бақытжан Күлекеев бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Оның айтуынша, бүгінде қайырымдылық ұйымдары мен тіл курстарын өткіземіз деп, діни қызметпен айналысатындар да бар. Тіркеуден өтпеген ондай ұйымдардың қызметі де заңсыз болып саналады.

Айта кетейік, «Діни қызмет жәні діни бірлестіктер туралы» заңды түсіндіруге арналған бүгінгі баспасөз мәслиxатында Берік Арын деструктивті ағым өкілдерінің имамдармен дауласып, мешітке келушілерді қорқытып жатқанын жеткізді. Осы орайда ол дереу полицияға xабарласуға кеңес берді. Себебі ондай әрекеттер заңмен қудаланады.

Теріс діни ағымдармен күрес шаралары Оңтүстік Қазақстан облысында да қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Мәселен, биыл 29 қараша күні өңірдің күштік құрылымдары «Шымкент – Антитеррор - 2016» оқу-жаттығу жиынын өткізді. Осы шара аясында полицейлер мен прокурорлар және дін саласының мамандары мектептер мен колледждерді аралап, оқушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Өйткені, түрлі оқу курстарының атын жамылып, теріс діни ағымдарды уағыздайтын радикалды топтардың көздегені де осы жас буын өкілдері.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0