пятница, 19 апреля 2024 г.
icon
447.4
icon
477.55
icon
4.76
Алматы:
icon
17oC
Астана:
icon
18oC
1xadv
×

Қазақтар кімге ұқсайды? (ВИДЕО)

Қазақтың түрі расымен де кімге ұқсайды? Біздің ұлттың өзіне тән түр ерекшелігі жоқ секілді. Өзгелер бізді қытайға, кәріске, жапонға, малай халқына, моңғолға, тіпті орысқа да ұқсатып жатады. Жуырда АҚШ-та жүрген қазақ жігіті осы сауалдың жауабын білмек болып, америкалықтар арасында арнайы эксперимент жүргізіп көрді.

Блогер АҚШ-тың Майями қаласындағы жағажайлардың бірінде болып, демалып жатқан тұрғындардан «Мен қай ұлттың өкілімін?» деп сұраған. Америкалықтардың бірде-бірі оның қазақ екенін тапқан жоқ. Көбі «вьетнам», «корей», «қытай», «жапон», «филиппин» деп жауап берсе, «Азияның бір жеріненсің» деп қысқа қайырды.

Аталған видеоролик Instagram әлеуметтік желісіндегі v_shymkente парақшасында жарияланған.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0