Павлодарлық жеті спортшы халықаралық жарыстарда топ жарған
Павлодарлық жеті спортшы халықаралық жарыстарда топ жарған, деп хабарлайды NewTimes.kz тілшісі.
Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте дене шынықтыру және спорт басқармасы спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Айбек Ақылжанов мәлім етті.
«Нұрсұлтан Аюпов, Шыңғысхан Ыбыраев Банкогте муай-тай бойынша өткен Әлем чемпионатында күміс жүлдені қанжығаларына байласа, Илья Котенев алтын медальге қол жеткізді. Ал, Ксения Окатенко Ширкте пауэрлифтинг бойынша Әлем чемпионатында күміс жүлдеге, Светлана Анкичева екінші орынға, Ербұлан Сарқытбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатында үшінші орынды, Сергей Шведов Дүниежүзілік әскери өнер ойындарында бірнеше медальді иеленді. Дүниежүзілік ойындарда ұлттық құрама алты алтын, алты күміс және екі қола медаль жеңіп алған. Жарыс Германияның Бад-Киссинген қаласында 1-4 қыркүйек аралығында «Халықаралық олимпиадалық комитет» және «Спорт барлығы үшін» Халықаралық қауымдастығының» бақылауымен ұйымдастырылды. Оған 150 мемлекеттің спортшылары қатысты. Құрама ішінде павлодарлық Айки-Дзю-Дзюцу «Жауынгер» мектебінің тәрбиеленушісі Сергей Шведов қатысты. Ол өңір тарихында тұңғыш рет жасөспірімдер арасында 65 келі салмақ дәрежесінде ММА және грэпплинг бойынша екі алтын медаль, джиу-джитсу бойынша бір күміс медальге ие болды», — деді Айбек Ақылжанов.
Айта кетерлігі, облыста алғаш рет 15 жастағы жасөспірім Дүниежүзілік әскери өнер ойындарына қатысқан. Шара бірнеше әскери өнер түрінен өтті. Сергей джиу-джитсу бойынша шыққан. Спорттың олимпиадалық түрінен әлемдік, республикалық деңгейде жоғары нәтиже көрсеткен жас спортшыларға ай сайын қаржы ұсыну қарастырылған қаулы бар. Осыған сәйкес Светлана Анкичева мен Ербұлан Сарқытбаев қаражатпен қамтамасыз етіледі.
Еске сала кетейік, Павлодар күрес мектебінің түлегі Ербұлан Сарқытбаев жастар арасындағы әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанған. Жерлесіміз Францияның Макон қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен өткен әлем біріншілігінде 50 келіде ел намысын қорғады. Ол жарыс жолын 1/8 финалдан бастап, алдымен колумбиялық қарсыласын ойсырата ұтты. Есеп 10:0. Өкінішке қарай, павлодарлық спортшы 1/4 финалда қырғыз балуанына есе жіберді (2:4). Қырғызстан өкілі финалға жолдама алғандықтан, Е.Сарқытбаев қола жүлдеге таласу мүмкіндігіне ие болды. Ол алдымен Канада өкілін жарыс жолынан шығарды. Шешуші «шайқаста» 12:6 есебімен Грузия балуанын тізе бүктірді.
Е.Сарқытбаев - ел қоржынына жүлде салған екінші павлодарлық балуан. Бұған дейін әйелдер күресінен Екібастұз спорт мектебінің түлегі Светлана Анкичева күміспен күптелген-ді.
-
Заставлял беременную жену ублажать друга: Карагандинцу вынесли приговор02.02.2023, 09:56Алматинец мастурбировал в автобусе, глядя в глаза пассажирки02.02.2023, 16:33Иностранку, пропавшую 25 лет назад, нашли на юге Казахстана02.02.2023, 06:47Замечаниями и выговором отделались врачи от женщины, родившей в подгузник02.02.2023, 09:28Алматинец застрелил жену и покончил с собой: Соседи рассказали подробности трагедии02.02.2023, 03:38«Не мог сделать при маме»: Павлодарца обвинили в изнасиловании02.02.2023, 15:38
-
06:40Предложено сокращать срок заключения за донорство органов06:00Прогноз погоды на 3 февраля05:00Школьников Кызылординской области перевели на дистанционку03:00Уникальная средневековая башня в Туркестанской области разрушается после реставрации02:00Ликвидация последствий паводка продолжается в Туркестанской области01:00В Актобе судят устроившего резню директора школы00:00«Если на меня подадут в суд, я уеду»: Иностранные инвесторы о проблемах с бизнесом в Шымкенте