Ақтөбеде жолдарды түгел су шайып, балалардың мектепке қатынауы қиындап қалды (ФОТО)

Ақтөбедегі Авиақалашық шағынауданындағы балалар мектепке әзер қатынап жүр. Мұндағы көпқабатты тұрғынүйлердің алдындағы жолдардың тозығы жеткені өз алдына, көшелер түгелімен су астына кеткен.

Мұндағы тұрғындардың шағымы Instagram әлеуметтік желісіндегі zello.aktobe парақшасында жарияланды. Тұрғындар өз сөздеріне дәлел ретінде жолдардың фотосуреттерін де жүктеген. «Балалар мектепке бара алмай, өзіміз аулаға кіре алмай жүрміз», - дейді олар.

Тұрғындар сондай-ақ, бұл шағынауданда осы көрініс жыл сайын қайталанатынын, әкімшілік жолдарды мүлдем жөндемейтінін жазған.

Айта кетейік, әдетте Ақтөбені көктем шыға су басады. Былтыр қала іргесіндегі елдімекендердің біразы түгел су астына кетіп, тұрғындар далада қалған болатын.

Loading...
По теме:

19 сентября, суббота