воскресенье, 28 апреля 2024 г.
icon
443.35
icon
475.54
icon
4.82
Алматы:
icon
4oC
Астана:
icon
6oC
1xadv
×

«Еліміздің отаншылдық рухын көтеру керек»: Тоқаев геосаяси ахуал туралы

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті отыз бірінші сессиясы ашылды, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.

Президент қаңтар оқиғасы, қазіргі геосаяси ахуал жайлы тоқталып кетті.

«Бірлік, татулық және бейбітшілік — біздің мызғымас құндылықтарымыз. Оның айрықша маңызды екенін қаңтар оқиғалары кезінде айқын сезіндік. Қазір қатерлі күндер артта қалды. Сол кезде қандай қауіппен бетпе-бет келгенімізді уақыт өткен сайын ұғына түсеміз. Шын мәнінде, біз мемлекеттілігімізді жоғалтып ала жаздадық. Халқымыз қаңтар қасіретінен сабақ ала білуі керек. Енді ондай жағдай қайталанбауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тиіспіз», — деді ол.

Сонымен қоса, мемлекет басшысы қазір геосаяси ахуалдың ушығып тұрғаны жайлы сөз қозғады.

«Жаңа сын-қатерлер пайда болуда. Мұндай жағдайда еліміздің азаматтық бірегейлігін нығайтып, отаншылдық рухын көтеруге баса мән беруіміз керек. «Бірлігіміз – әралуандықта» деген басты қағидатымыз ешқашан өзгермейді. Біз жас ұрпақты нағыз отаншыл азамат етіп тәрбиелеуіміз керек», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 7