Президент: «Қазақстан өте маңызды әрі бетбұрысты кезеңге қадам басқалы тұр»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы референдумға қатысты бейнеүндеу жасады, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.

Фото: Акорда
«Қазақстан өте маңызды әрі бетбұрысты кезеңге қадам басқалы тұр. 5 маусым күні азаматтарымыз жалпыұлттық референдумда дауыс береді. Конституцияға түзетулер енгізу мәселесі бойынша шешім қабылдайды.
Бұл — мемлекеттің және бүкіл қоғамның болашағын айқындайтын жауапты сәт. Ел тағдыры ешкімді бей-жай қалдырмайтыны анық. Біз қазір барлық саланы жаңғыртуға кірістік. Осы жолда мемлекетті басқару үлгісін түбегейлі өзгерту қажеттігі туындады. Сол себепті, мен наурыз айындағы Жолдауымда саяси жаңғырудың ауқымды бағдарламасын ұсындым. Оның басты мақсаты – елімізді одан әрі демократияландыру, халықтың мемлекетті басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейту.
Сондай-ақ, Үкіметтің тиімділігін арттыру. Бұл өзгерісті толық жүзеге асырсақ, ықпалды парламенті бар президенттік республика үлгісіне біржола көшеміз. Конституциялық реформа адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін барынша күшейтеді. Сонымен бірге еліміздегі саяси бәсекенің әділ және ашық болуын қамтамасыз етеді.
Біз Ата заңымыздың отыздан астам бабына өзгеріс енгізгелі отырмыз. Оның бәрі азаматтарымыздың мүддесіне толық сай келеді. Осылайша, мемлекетімізді түбегейлі жаңғыртамыз. Сол арқылы Екінші Республиканың негізін қалаймыз», — деп жариялады президент.
-
«Не подкинут наркотики в карман»: Релокант из России о Казахстане03.02.2023, 11:20Астанчан напугала ученица стоявшая в три часа ночи возле школыСегодня, 07:46«Если на меня подадут в суд, я уеду»: Иностранные инвесторы о проблемах с бизнесом в Шымкенте03.02.2023, 00:00Многодетная мать, жившая с детьми в кафе, получила квартиру03.02.2023, 09:57Подросток насиловал сверстника — полиция начала расследование03.02.2023, 19:37В Актобе судят устроившего резню директора школы03.02.2023, 01:00
-
11:00Водителя автобуса с телефоном в руках сняли на видео в Актау10:35Заболевших КВИ за сутки в РК стало меньше09:57КамАЗ насмерть зажал механика в Акмолинской области09:15Столичный врач озвучил основные причины рака08:54На километровые пробки и частые аварии жалуются алматинцы08:15Новый фильм казахстанского продюсера выходит в прокат07:46Астанчан напугала ученица стоявшая в три часа ночи возле школы07:13Названы лучшие бойцы ММА из Казахстана06:37Нацбанк РК первым в мире выпустил 3D монеты06:00Прогноз погоды в Казахстане на 4 февраля05:05Роналду забил первый гол в Саудовской Аравии03:33Алматинцы пытаются узаконить угнанные автомобили02:37В судах Алматинской области искали бомбы01:20Посещение кафе и ресторанов обходится все дороже - уже плюс 40%00:10Президент, не торгуясь, купил камчу на выставке в Таразе