воскресенье, 24 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
1oC
Астана:
icon
-2oC
×

Шымкентте қайыр сұраған көпбалалы ана бесінші баласына аяғы ауыр екенін айтты (ВИДЕО)

Шымкентте төрт баласымен бірге қайыр сұрап жүрген қазақ әйел туралы бұған дейін ақпарат таратқан болатынбыз. Жалғызбасты ана бала-шағасын асырау үшін көшеде қол жаюға мәжбүр болғанын қысқаша айтқан. Мұндай халге қалай түскенін білу мақсатында Мадина Бауыржанның өзімен хабарластық.

33 жастағы әйелдің 4 қызы бар. Бесіншісіне аяғы ауыр екен. Үлкені 11 жаста, екіншісі – 8, үшіншісі – 3, төртіншісі – 1 жасқа енді толыпты. Төрт баласы үшін мемлекеттен небәрі 9400 теңге жәрдемақы алады. Бұл ақша бір баланың тамағына да жетпегендіктен қайыр сұрауға мәжбүр болдым дейді ол.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде тараған видеода Мадина өзін күйеуі тастап кеткенін мәлімдеген болатын. Бірақ, оны еш жазғырмайтынын да айтқан. Әңгіме барысында белгілі болғаны көпбалалы ананы күйеуі тастамаған екен. Ер азамат жарты жылдан бері түрмеде жазасын өтеп жатқан көрінеді.

«Заңды некеге отырмадық, тек молданың алдына барып некемізді қидырған болатынбыз. Балалардың барлығы менің атыма жазылған. Күйеуім 6 айдан бері жазасын өтеп жатыр» - деді Мадина Бауыржан. Бірақ, ол жолдасының қандай қылмыс үшін жазаланғанын айтқан жоқ.

Қазір жалғызбасты ана қайыр сұрап тапқан ақшасын жалдамалы пәтерге беруге мәжбүр. Қалған ақшасына тамақ алып жейді.

«Шымкенттің Әл-Фараби ауданында 15 мың теңгеге пәтер жалдап тұрамыз. Туған-туыстардан тек анам ғана бар. Оның өзі ауыр науқас, қолымнан келгенше анама да көметкесіп келемін. Қыздарымның алды мектепке барады. Оларды бағып-қағу, тәрбиелеу жалғыз өзіме өте ауыр соғып жатыр", - дейді ол.

Бүгін Мадинаның ауыр тағдырын естіген шымкенттік журналистердің бірі оны қалалық әкімшілікке алып барыпты. Ондағылар бірреттік жәрдем көрсетуге уәде берген. Бірақ, одан әрі көпбалалы ана ары қарай да қайыр сұрауға мәжбүр екенін айтып отыр.

Мадина Бауыржанға қол ұшын созып, көмек көрсетемін деушілер болса мына телефон номеріне хабарласуға болады: 8(778) 876-29-87.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0