суббота, 19 апреля 2025 г.
icon
521.9
icon
593.5
icon
6.39
Алматы:
icon
12oC
Астана:
icon
5oC
×

Алматыда автобусқа мінген орыс әжелер Шәмшінің әндерін орындады (ВИДЕО)

Алматыдағы автобустардың біріне мінген әжелер жолаушыларға керемет көңіл-күй сыйлады. Ұлты орыс қариялар жол бойы Шәмшінің «Арыс жағасында» әнін шырқаған. Мұны жолаушылардың бірі бейнекамераға түсіріп, әлеуметтік желілер арқылы таратты.

Әжелердің тілдерінде «акцент» болса да, әннің ырғағын бұзбай, сөздерінен жаңылыспай айтып отырғаны расымен де көңіл қуантады. Тіпті, әжелерді жас кезінде кәсіби әнші болған ба деп ойлайсың...

Аталған видеоролик Instagram әлеуметтік желісіндегі videogram_kaz парақшасында жариланған. Пікір қалдырған желі қолданушылары бұл жайттың Алматыда №34 автобуста болғанын жазды. Олар сондай-ақ, өзге қазақстандықтарды да осы қариялардан қалыспай, қазақша үйренуге шақырды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0