Эстрада әншісі Айқын Төлепберген әлеуметтік желіде Қайрат Нұтастың «Сен мені түсінбедің» деген әнін орындап, тыңдармандарынан кешірім сұрады.
Караокеде түскен видеосын өзінің Instagram-парақшасына жүктеген Айқын: «Сен мені түсінбедің. Караокеде неше түрлі әндер айтымыз ғой. Түнгі шабыт... Мені түсінбеген барша жандарға арналады. Мені түсініп, кешірулеріңізді өтінемін», ― деп жазба да қалдырған.
Айқын өз өмірін құпия ұстағанымен оқырмандары оның Кешью тобының экс әншісі Жұлдыз Өмірғалиға үйленіп, бірінші отбасын тастап кеткені жайлы жиі жазады. Әншінің өзі болса Жұлдыздың құлағына сырға салып, ұзатып алып бара жатқан видеосын бұған дейін теріске шығарып, кинодан үзінді деп ақталған болатын. Алайда, Айқынның бұл «фильмі» сол күйі жарыққа шыққан жоқ.