Аймақ басшысының есепті кездесуінде айтылғандай, Сырдарияның сол жағалауынан «Жастар орталығының» ашылуы Сыр жастарына көп мүмкіндік алып келді. Орталық қызметін бір жыл ішінде 40 мыңға жуық жас пайдаланған. Жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесі жылдан-жылға шешімін табуда
Облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Бауыржан Мәстеков айтаунша, жас кәсіпкерлер, оның ішінде жас отбасылардың бизнесін қолдауда аймақта көрсеткіш жоғары. Біз алдағы уақытта әр салада жүрген жас отбасыларды тұрғын үймен қамту мәселесіне орай облыс әкімдігіне бағдарлама ұсынатын болады.
«Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылдың жалғасы ретінде Волонтерлар жылын жариялап, бұған облыс жастарының көпшілігі қызығушылық танытуда. Республикада алғашқылардың бірі болып облыс орталығында Еріктілер штабы құрылды. Мұнда оқыту жұмыстары жүргізіліп, әртүрлі бағытта атқарылатын еріктілік жұмыстарына түсіндірме жүргізіледі. Ерікті жастардың бұл қызметі еңбек өтіліне жазылып, тәжірибе жинақтауға, өзін көрсете білуге де мол мүмкіндік болып саналады», — дейді Бауыржан Мәстеков.
Биылғы жылдың 1 қаңтар айындағы көрсеткіш бойынша аймақта 46 297 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс жасауда (дара кәсіпкерлер — 70%, шаруа қожалықтары — 17,8% және заңды тұлғалар — 12,2%). Өсім — 9,3 пайыз.
Соңғы үш жылда шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 14,2 пайыздан 18 пайызға өскен. Өткен жылдың тоғыз айында шағын және орта кәсіпкерлік саласында 92 223 адам жұмыс жасады. Өсім — 2,5 пайызды көрсетуде. 2019 жылы шағын және орта кәсіпкерліктен бюджетке 73,8 млрд теңге салық түсіп, өсім 10,6 пайызды құрады.