Белгілі қайраткер қызылордалықтарды төтенше жағдайдың талаптарын сақтауға шақырды

Коронавирус инфекциясы адам денсаулығына қауіп төндіретін уақытта барлық сақтық шараларын сақтау өте маңызды. Ең бастысы — көшеде болуды ешқандай ерекше қажеттіліксіз шектеу. Журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Қызылорда облысының тумасы Нұртөре Жүсіп жерлестерін карантиндік шараларды қатаң қабылдауға шақырды.

Белгілі қайраткер қызылордалықтарды төтенше жағдайдың талаптарын сақтауға шақырды

Онын айтаунша, Сыр өңірі — небір термеге тербелген ел.

«Қаншама жырау өтті. Сыр сүлейлері деп бәрін мақтан тұтамыз! Сол ақын, жырау, термешілерді жұрт құлақпен тыңдап, жүрекпен ұғатын. Сырдың халқы сөзге тоқтаған, аталы сөзге құлақ асқан, әлі күнге шейін Сөз қадірін терең сезінеді деп келеміз. Осы байлам жоққа шыққан сияқты ма қалай?», — деді Нұртөре Жүсіп.

Белгілі қайраткері коронавирусқа қарсы сақтық шараларын еске салды — үйде отыр, жақындарыңды жақсы көрсең сыртқа шықпа, абайла.

«Қызылордалық бауырлар! Сіздерге не болды? АҚШ-қа жеткен індет Ақмешіт пен Аралды айналып өтеді деймісіздер? Хорасанға жеткен індет біздің Хорасан бабамыз мәңгі тұрақ тапқан ауданды айналып кетеді деп ойлайсыздар ма? Шиелі, Сырдария, Жалағаш, Қармақшы, Қазалы аудандарын аттап кетеді деп қай қиялдарыңыз айтады?! Тұрмағамбет, Нұртуған, Нартай ақындардың жыр-термелерін тыңдап өскендеріңіз рас болса, Сырдарияның бойындағы қалың елді — өз ағайын, туыс-тумаларыңызды жақсы көретіндеріңіз рас болса, туған еліміз — Қазақстанды сүйетіндеріңіз рас болса — сабыр сақтап, сақтық шараларын жасауларыңызды сұраймын! Елдікті сақтау — ерлік! Елдің амандығын сақтау — екі есе ерлік! Ел аман болсын десек — ессіз жүрістен, есалаң тірліктен тыйылып, Тазалық пен Тәртіпті сақтайық!», — деді Нұртөре Жүсіп.

 

Loading...
Жанар Муканова -  пятница, 9 апреля в 03:04
Сердце отдаю детям…
Жанар Муканова -  пятница, 2 апреля в 10:31
Замкнутый круг насилия
Жанар Муканова -  четверг, 1 апреля в 10:47
Когда все фиолетово...
По теме:

13 апреля, вторник