четверг, 3 июля 2025 г.
icon
518.37
icon
609.97
icon
6.6
Алматы:
icon
32oC
Астана:
icon
30oC
×

Сырдарияда екі тұрғын үй қолданысқа беріледі

Биыл Тереңөзек кентінде 42 пәтерлі екі тұрғын үй құрылысы «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізілуде.

Осы орайда, ауданда 116 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда. Оның 58-і жұмыспен қамту бөлімі арқылы жұмысқа орналастырылады. Құрылыстың бас мердігері «НұрТалап и К» ЖШС болып табылады. Ал жобалаушы мердігер «Қызылорда ЖобаҚұрылыс» ЖШС болса, техникалық қадағалаушы «Қызылорда НұрСтрой Инженеринг» ЖШС көмегімен іске асырылуда.

Бүгінде жерді қазып құм араласқан қиыршық тас төсеу жұмыстары басталды. Жалпы құрылыс 7 айға жоспарланған. Жұмыс уақытылы орындалса, желтоқсан айының 15-не пайдалануға беріледі.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0