среда, 8 мая 2024 г.
icon
439.43
icon
473.31
icon
4.82
Алматы:
icon
16oC
Астана:
icon
11oC
1xadv
×

Аралда балық өсіретін цех жұмысын бастады

Арал ауданының балық шаруашылығының мүмкіндігін арттыру мақсатында тағы бір жоба басталды. Осыған орай «Арал теңізі» балықшылар қоғамдық бірлестігінің бастамасы бойынша балық қорын көбейту мақсатында жаңа жоба жасалған болатын. Бұл жобаға «Ғаламдық экологиялық қор» тарапынан қаржылай қолдау көрсетіліп, Ақшатау ауылында көлемі 16х30 метр балық шығаратын инкубациялық цех салынды.

Бүгінде Арал ауданында жылына 19 мың тонна балық өңдейтін 8 балық өңдеу зауыты жұмыс істеп тұр. Аралдың балықшылары жылына жеті мың тоннаға жуық балық аулап, оның екі мың тоннасын экспорттайды. Соның нәтижесінде теңіздің балығы Қытайға, ТМД және Еуропа елдеріне де тасымалданады.

Инкубациялық цех жобасын жүзеге асыру бағытында «Арал теңізі» балықшылар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айнагүл Баймаханова 11 млн қайтарымсыз грант ұтты. Жалпы құны 21 млн теңгені құрайтын цехқа Ресейден құрылғылар әкелініп қондырылды. «Жамбыл» өндірістік кооперативі және жеке кәсіпкер Төребек Игіліков, бірлесе атқарылатын жұмысты орындаушы «Қазалы Уазис» қоғамдық бірлестігі жобаның серіктестері болмақ. Биыл жүзеге асырылуы тиіс бастама бойынша 12-15 млн дана личинкалар өсіп шығады деп жоспарланып отыр. Алынған дернәсілдер теңіздің Арал және Қазалы аумағындағы айдындарына жіберіледі.

 

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0