суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-0oC
Астана:
icon
-6oC
×

42 500 теңге: біржолғы төлемді кімге төленеді, Сыр өңірінде түсіндірілді

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев біржолғы төлем төлеу ережесі туралы баяндады.

Басқармасының басшысының айтуынша, біржолғы төлем  табысынан толық айырылған азаматтарға төленеді. Сондай-ақ, мұндай көмекті жалдамалы жұмыскерлерде ала алады. Яғни, ақысыз демалысқа жіберілген жағдайда төленеді. Өтінішті жұмыс беруші береді.

«Егер де жұмыстан шығып кеткен болсаңыз, жұмыспен  қамту орталығына хабарласқан абзал. Ал, жеке кәсіпкерлер (жеке практикамен айналысатын азаматтар) өтінімді өздері береді. Зейнетақы және әлеуметтік жарналар сұралмайды.  Алайда, карантинге байланысты  кәсібінің тоқтап қалуы туралы  мәліметті аудандағы штаб немесе салық комитетінің өкілдері  анықтайтын болады. Бұған қоса, фрилансерлер (өз қызметін қандай да бір міндеттемелерсіз, ақылы түрде ұсынатын адам) ала алады. Тиісінше, оларда өтінішті өздері жолдайды. Тек бір шарт —   2020 жылдың 6 айында бір рет болса да зейнетақы жарнасын аудару керек.  Өз бетінше жұмыс істеп жүрген азаматтың жұмысы тоқтап қалса да, төлем төленеді. ЕСП төлеудің қажеті жоқ», — деді Талғат Дүйсебаев.

Өз сөзінде сала басшысы мемлекеттік бюджет есебінен зейнетақы, жәрдемақы, атаулы әлеуметтік немесе  сақтандыру қорынан тиісті көлемде көмек  алып жүрген азаматтарға берілмейтіндігін айтты. Сонымен қатар, өтініштер 42500.enbek.kz және «Электрондық үкімет» телеграм боты арқылы 1 қыркүйекке дейін қабылданады.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0