пятница, 3 мая 2024 г.
icon
443.37
icon
474.49
icon
4.83
Алматы:
icon
20oC
Астана:
icon
12oC
1xadv
×

Қызылорда облысына 140 оттегі концентраторы жеткізілді

Сыр өңіріне гуманитарлық көмек ретінде оттегі концентраторлары жеткізілді. Медициналық құрылғылар бұл жолы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы тарапынан ұсынылды.

Бүгінгі күні өңірде коронавирус инфекциясына байланысты ахуал тұрақталғанымен, ауруханаларды қажетті аппараттармен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Себебі, алдағы қыс мезгілдеріндегі жағдайға болжам жасау қиын. Медициналық мекемелерді қажетті құралдармен қамтамасыз етуде жергілікті меценаттардың, ел ішіндегі және облыстағы кәсіпорындардың, сондай-ақ, шетелдік әріптестердің үлкен үлес қосып жатқандығын айта кету керек.

Мәселен, Сыр өңіріне осы кезге дейін Қытай, Өзбекстан, Катар және басқа да елдерден гуманитарлық көмек жіберілді. Аспанасты елі 1000-нан астам қорғаныс киімін, 8 мыңнан астам медициналық қолғап, 4 мыңға жуық көзәйнек пен 30 мың хирургиялық және 5 мыңнан астам медициналық маскалар жолдады. Шілдеде «Шалқия Цинк ЛТД» ЖШС кәсіпорнының демеушілігімен Жаңақорған ауданаралық ауруханасындағы, жұқпалы аурулар бөліміндегі провизорлық стационарға құны 37,4 млн теңгеге VG70 маркалы екі өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппараты жеткізілді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы жеткізген құны 71,5 млн  теңге тұратын «Armed» маркасының «140 оттегі концентраторы компания жасаған алғашқы көмек емес. Мұнай компаниясы бұған дейін өңірге медициналық маскалар, спирография аппаратын, пульсоксиметрлер (капиллярлық қандағы оттегінің қанықтылығын инвазивті емес әдіспен өлшеуге арналған медициналық диагностикалық құрылғы) алуға қолдау көрсетті.

Аймаққа жеткізілген барлық құрылғы Қызылорда облысының медициналық мекемелеріне таратылды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0