Өскеменде істен шыққан көліктерді қайта өңдеу бағдарламасы жүзеге асуда
Тұрғындар ескі немесе жол апаты салдарынан жүруге жарамай қалған темір тұлпарларын өткізіп, өтемақы ала алуға мүмкіндік жасалды.

Тұрғындар істен шыққан көліктерді қаладағы қайта өңдеу бекетіне әкеледі. Дәл осы жерде қайта өңдеу үрдісі жүргізіледі. Өткен жылы шаһарда 1544 жеңіл көлік, 40 автобус, 10 жүк көлігі қайта өңделген. Айта кетерлігі, көлік үшін азаматтар өтемақы алады. Жеңіл көлік үшін 210 мың, автобус үшін 440 мың және жүк көлігі үшін 630 мың теңге.
«Қайта өңдеу үшін тұрғындар мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына барып, көлігін тіркеуден алып тастайды. Анықтама алады да, есепшот ашады. Сайт арқылы кезекке тұрады. Көліктің құрылымы тексеріледі, келісімшарт жасағаннан кейін 5 күн ішінде өтемақы есепшотқа түседі» дейді көлік қабылдау бекетінің өңірлік менеджері Станислав Кравченко. Көліктер қоршаған ортаға зиян келтіретін негізгі 3 фактордың қатарына кіреді. Ірі қалаларда көліктердің жыл санап көбеюіне байланысты атмосферадағы зиянды көміртектің үлесі күрт өскен. Осыған байланысты Энергетика министрлігі азаматтардан көлікті сатып алу және қайта өңдеу бағдарламасын ұсынған болатын. ШҚО экология департаментінің бас маманы Қаныбек Нұрғалиевтің сөзінше, 2021-і жылдың басынан бастап Өскемен және Семей қалаларында көліктерді қайта өңдеу бағдарламасы жанданды. Бұл бағдарламаның арқасында атмосфераға түсетін ауыртпашылық азаяды. Өздеріңіз білетіндей, ескі көліктердегі түтін шығару жүйесі қазіргі стандарттарға сай келмейді. Оның ішінде азот диоксидінің бөліну көрсеткіші өте жоғары. Ескі көліктің шуы да көп, табиғатқа да тигізер зияны аз емес», - дейді маман.
Ел бойынша көліктерді қайта өңдеу 4 жыл бұрын басталды. Алғашқы жылы 516 көлік қабылданса, кейінгі жылдары көрсеткіш 1500 көліктен асып жығылды. Барлық өңдеу процедурасынан өткен көліктер Қарағанды қаласындағы зауытқа жеткізіледі.
-
Пригласил убрать квартиру, избил и надругался: Алматинка рассказала подробности27.01.2023, 09:42Пока премьер отчитывал министра, его коллега копался в телефоне27.01.2023, 14:29Тверк на тое возмутил Казнет, но оставил довольными гостей27.01.2023, 11:37В 45 лет скоропостижно скончалась недавно назначенный сенатор27.01.2023, 10:15Алматинка едва не умерла после покраски волос27.01.2023, 11:09Жительница Актау подозревает, что ее малолетнего сына изнасиловали27.01.2023, 19:00
-
18:45Мошенники обманывали астанчан на крупные суммы, обещая авто18:10Казахстанская теннисистка проиграла в финале Australian Open18:00Штормовое предупреждение объявлено в пяти регионах РК17:25Названа причина смерти сенатора Гульмиры Каримовой16:56Мужчина поскандалил в самолете и не долетел до Шымкента16:33«Угроза резко возрастает»: В Казахстане предрекают сильные паводки16:00Тамара Асар болашақ келініне қандай талаптар қоятынын айтты15:31Мебель выбросили на голову прохожего в Актау: Стало известно о состоянии пострадавшего14:5819-летняя девушка спрыгнула с пятого этажа недостроенного дома14:21Домработница обворовала хозяйку, проработав всего день13:37Установлен диагноз болезни коров в Актюбинской области12:59Несколько микрорайонов Петропавловска остались без воды12:32Премьер-министр указал на недоработки в теплоснабжении Шымкента11:58Врачи спасли пациентку с гигантскими камнями в почках11:28За сутки в Казахстане 61 человек заразился коронавирусом