Оңтүстікте «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде
Бәйдібек ауданында жыл соңына дейін үш мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға беріледі. Атап айтқанда, Боралдай, Шалдар, Екпінді елді мекендеріндегі мәдени ошақтар «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы мен облыстық бюджет есебінен қаржыландырылып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Аталған ғимараттар соңғы 45-50 жылдан бері күрделі жөндеуден өтпеген болатын. Айта кетейік, аудандағы 58 типтік және типтік емес мәдениет нысандарының 8-і күрделі жөндеуді қажет етсе, биыл оның 6-на мемлекеттен қаржы қаралып, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Жыл басынан бері күрделі жөндеуден өткен Шақпақ, Шыбыт, Ақмешіт ауылдық мәдениет үйлері қазіргі таңда пайдалануға беріліп, ел игілігіне қызмет етуде.
Сондай-ақ, Бәйдібек ауданында бюджет шығындарын үнемдеу мақсатында оңтайландыру жұмыстары жүргізілді. Мектептердегі кітапханалар мен мәжіліс залдарын бірлесе пайдалану үшін ауылдық елді мекендердегі 32 мәдениет ошағының типтік емес 23 ғимараты мектеп жайына көшіріліп, ауыл тұрғындарына қызмет көрсетуде.
Айта кетейік, «Жұмыспен қамту 2020» - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынған мемлекеттік бағдарлама. Бағдарламаның мақсаты - жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың табысын арттыру.
Мемлекет басшысы өзінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауында еңбек нарығының тиімділігін арттыру, табысы аз адамдарды, жұмыссыздар мен өз бетінше жұмыспен айналысушыларды жұмыспен нәтижелі қамтуға жәрдемдесудің белсенді бағдарламаларына тарту міндеттерін жүктеді.
Жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізу Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметінің негізгі әлеуметтік басымдықтарының бірі болып табылады. Жұмыспен лайықты қамтуды қамтамасыз ету – халықты әлеуметтік қорғаудың негізі, адам ресурстары әлеуетін дамыту және іске асырудың маңызды шарты, қоғамдық байлықтың артуы мен өмір сүру сапасын жақсартудың басты құралы.
Әлеуметтік-экономикалық жаңғыру барысында елде қарқынды дамушы еңбек нарығы құрылды, халықтың экономикалық белсенділігі мен жұмыспен қамту деңгейі тұрақты өсуде. Соңғы 10 жылда жұмыспен қамтылған халық саны 6698,8 мыңнан 8141,4 мың адамға артты, ал жұмыссыздық деңгейі 2001 жылғы 12,8 %-дан 2010 жылдың соңында 5,5 % төмендеді.
Жол картасы шеңберінде жұмыс орындарын сақтау және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің арнайы шараларын әзірлеу және іске асыру әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстың әсерімен байланысты уақытша экономикалық қиындықтар кезеңінде (2008 – 2010 жылдар) де жұмыспен қамтудың жоғары деңгейін сақтауға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан үдемелі индустриялық-инновациялық дамуға көшу, бір жағынан, жұмыспен қамтудың одан әрі өсу мүмкіндіктерін кеңейтеді, екінші жағынан – еңбек нарығына жұмыс күшінің ішкі резервін тартудың, еңбек ресурстарының сапасы мен экономикалық белсенділігін арттырудың жаңа тәсілдерін әзірлеуді және іске асыруды талап етеді.
-
Уголовное дело завели против сепаратистов из Петропавловска, объявивших о своей независимости31.03.2023, 06:41Загадочно умер отец одного из насильников второклассника в Алматинской области31.03.2023, 16:33Айтыскер ақындар жаңадан сайланған депутаттарды мазақ қылды31.03.2023, 13:04Подросток заказала убийство матери, чтобы жить с парнем31.03.2023, 14:15Актюбинец через суд добился сожительства с бывшей женой и ее возлюбленным31.03.2023, 10:09Получивший ножевое ранение аким пришел в сознание31.03.2023, 03:29
-
11:00Асхат Тағыбергеннің Дания қақпасына салған голы үздік деп танылды10:49Снимки с первой фотосессии Достоевского сохранились в Семее10:19СМИ сообщили о финансовом состоянии Елены Рыбакиной с начала года09:41Туалеты за 10 миллионов установят в Уральске09:00Подросток совершил суицид в Алматинской области08:10Об опасности схода лавин предупредили жителей Алматы и Алматинской области07:30В Китае студентов отправили на каникулы, чтобы они «влюбились»06:40Ребенок и двое взрослых пострадали при резком спуске эскалатора в ТРЦ в Астане06:00Прогноз погоды в Казахстане на 1 апреля05:00Казахстанский тяжелоатлет завоевал золотую медаль ЧМ03:00Рассылку о повышении пенсий на 30-50% распространяют в соцсетях01:00«Цена увеличится минимум в пять раз»: В РК могут подорожать лекарства00:00Полицейский задержан по подозрению во взятке в Уральске