четверг, 28 марта 2024 г.
icon
449.58
icon
486.94
icon
4.86
Алматы:
icon
9oC
Астана:
icon
4oC
1xadv
×

Павлодарда биыл тұңғыш рет құрылған су асты жасағы Жасыбай көлінің түбін тазартады

Павлодарда биыл тұңғыш рет құрылған «Жасыл ел» су асты жасағының құрамында 10 сарбаз  Жасыбай көлінің түбін тазартады, деп хабарлайды NewTimes.kz тілшісі.

Облыстық «Жасыл ел» қоғамдық қорының басшысы Әнет Тұрсынжанның айтуынша, 2016 жылы павлодарлық «Жасыл ел» жасақтарына 13 бағытта жұмыс істейтін 2300-ге жуық сарбаз  қабылданады. Олардың орташа жалақысы - 25 мың теңге. Қосымша республикалық бюджеттен жұмысы ауыр 1200 сарбазға 15 мың теңгеден қарастырылған. Жастар арасында құрылыс отрядында  50-70 мыңның төңірегінде ең жоғары жалақы болмақ. 

«Биыл жасылелдіктер еңбек семестірін өткен жылға қарағанда  он күнге ерте, 17-маусымда бастайды.   Бұл жасақтың пайда болуына облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта мен су ресурстары басқармасы қолдау көрсетіп отыр. Олар бүкіл облыстан жиналатын сарбаздарды жаттықтырып, арнайы киіммен, тамақ және жататын орынмен қамтамасыз  етеді.  Сонымен қатар, тағы бір жаңашылдық енгізіледі.  «Ашық жүрек» акциясы аясында «Самал» оңалту орталығынан 16 және 29 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі жандар арасынан он адамды мемелекеттік органдарға уақытша қызметке орналастырамыз. Аталмыш бастама облыстық жастар басқармасымен бірігіп іске асырылуда. Олардың жалақысы облыстық бюджеттен төленеді», — деді Әнет Тұрсынжан.

Өңірде «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыруға 150 адамнан тұратын студенттік құрылыс отряды қатысады. Олар Павлодар қаласындағы «Сарырарқа» шағын ауданындағы №1,6,9 тұрғын үйлер мен Ақсу қаласындағы 280 орынға арналған балабақшаның құрылысына атсалысады. Сонымен қатар, 10 адамнан құрылған археологиялық отряд Лебяжі ауданында қазба жұмыстарын жүргізсе, 20 шақты студент Гагарин саябағын көріктендіреді. Туризм мамандығына оқып жүрген «EXPO Youth team» жасағы Павлодар қаласына келген қонақтарға экскурсия ұйымдастырып, еріктілер жасағы жалғыз тұратын және мүмкіндігі шектеулі жандарға үй шаруасына көмектеседі.  Бұдан басқа,  балалар үйінің аумағындағы алаң қалыпқа келтіріліп, Ертіс жағалауында орналасқан «Жастар» террасасында жұмыс жалғасын табады. «Ертіс жұлдыздары» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай мерекелік концерттер ұйымдастырса, «Тәрбие» педагогикалық  отрядтары күндізгі және кешкі мезгілде шағын аудандарда балаларға арналған ойындар өткізеді.

Еске сала кетсек, биыл ҚР Білім және ғылым министрлігінің алдына Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясында «Жасыл Ел» бағдарламасы бойынша ұсыныстар енгізу тапсырмасы қойылған болатын. Бағдарлама тек табиғатты қорғау мен экологияны сақтауға ғана емес, жастардың тәрбиесі мен еңбекке баулуға да бағытталған. 2008 жылдан бастап ірі жұмыстар атқарылуда. Бағарламаға 200 мыңдай адам ат салысып, 44 миллиондай ағаш отырғызылған. 2014 жыл бағдарламаның соңғы жылы болғанымен, бүгін ҚР Үкіметінің отырысында 2015-2017 жылдары «Жасыл Ел» бағарламасын жалғастыру туралы шешім қабылданды. 2015-2017 жылдарға арналған бюджетті дайындау барысында «Жасыл Ел» бағарамасына да қаражат қарастырылмақ.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0