пятница, 19 апреля 2024 г.
icon
447.4
icon
477.55
icon
4.76
Алматы:
icon
21oC
Астана:
icon
24oC
1xadv
×

Дін мамандары «Оңтүстікфильм» қызметкерлерімен кездесті

Биыл Ақтөбе мен Алматыда орын алған лаңкестік оқиғалардан кейін еліміздің барлық өңірінде қауіпсіздік шараларының күшейгені белгілі. Осындай шаралардың бірі – «110 қауырт желісінің» іске қосылуы болып отыр. Бұл жоба экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған.

Осы қауырт желі туралы ақпарат тарату үшін және жалпы халықтың бойына экстремизмге қарсы иммунитет «егу» мақсатында бүгін ОҚО Дін істері басқармасы жанынан құрылған «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ мамандары ОҚО Мәдениет басқармасының «Оңтүстікфильм» КММ қызметкерлерімен кездеу өткізді.

Кездесу барысында дәстүрлі емес діни ағымдардың қоғамға келтіріп жатқан залалы туралы, олармен күресудің жолдары баяндалды. Сонымен қатар, «101 қауырт желісінің» мүкіндіктері де сөз болды. Аталған желі арқылы еліміздің кез-келген азаматы белгісіз адамдар діни-уағыз насихаттағанына, беймәлім діни кітапшалар таратқанына, экстремизм және терроризм сипаты бой алғанынан сондай-ақ, т.б. елдің тыныштығын бұзатын әрекеттерге куә болған жағдайда кідірместен тиісті сала мамандарына хабарласу қажет. Осылайша кез-келген азамат бүліктің алдын ала алады.

Айта кетейік, биыл орын алған террористік жайттардан кейін елімізде дін мамандары мен мемлекеттік қызметкерлерден және имам-молдалардан құралған бірнеше ақпараттық топ құрылып, олар республиканың өңірлерін аралап жүр. Басты мақсат – ел тұрғындарына діни экстремизм тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Сондай-ақ, ОҚО Дін істері жөніндегі басқарма жанынан құрылған «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ мамандары күн сайын Шымкент пен облыстағы өзге аудан мектептеріне барып, оқушылармен кездесулер өткізуде. Мұндай жиындар жоғаы оқу орындары мен ірі кәсіпорындарда да бірнеше рет ұйымдастырылды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0