пятница, 26 апреля 2024 г.
icon
444.22
icon
476.38
icon
4.82
Алматы:
icon
7oC
Астана:
icon
10oC
1xadv
×

Дін өкілдері Шымкенттегі ОҚМПИ студенттерімен кездесті

ОҚО Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» МКМ-нің мамандары Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының студенттерімен кездесіп, теріс діни ағымдардан қорғанудың жолдарын айтып берді.

Кездесу барысында аталған орталықтың «Оңалту жұмыстарын ұйымдастыру» бөлімінің дінтанушы маманы М.Ержігітов жастарға дәстүрлі емес діни ағымдар туралы, олардан келетін залал және уағызшыларының арбауына түсіп қалмаудың жолдары туралы баяндама оқыды.

«Қазақ жері көне заманнан бері қарай сан алуан мәдениеттер мен діндердің тоғысу мекені болған. Қазіргі Қазақстанның аумағында бірнеше ғасырлар бойы тәңіршілдік, зороастризм, манихейлік, буддизм, христиандық (оның әсіресе несториандық және яковиттік тармақтары) ислам сияқты әртүрлі діни топтар қатар өмір сүрген, яғни толеранттылык иен конфессияаралық келісімнің үлгісі болған... Біз әлемге өзіміздің толеранттылығымызбен, ұлттық конфессияаралық келісім мен диалогты сақтауымызбен танылдық. Біздің еліміздің өскелең дүниетанымдық әлеуеті бұдан ары қарай да сақталуға, дамуға тиіс. Бейбітшілік пен конфессияаралық келісім салаларында Қазақстан аясында болсын, тіпті дүниежүзілік ауқымда болсын, қол жеткізген белгілі табыстарымызға қарамастан, әлі шешілмеген, жедел шешуді қажет ететін мәселелер баршылық. Әсіресе қазір дүние жүзіне діни төзімсіздік, діни экстремизм және терроризм шынайы қауіп төндіріп тұр. Оларды XXI ғасырдың анағұрлым өткір мәселелеріне жатқызуға болады. Конфессияаралық келісім мен диалогты жетілдірудің жаңа жолдарын іздеу қажет. Дін, әуелі, әлемдік және дәстүрлі діндер адамның діни және рухани негіздерін дамытудың күшті факторы болып табылады. Діннің негізгі мақсаты адамдағы барлық адамгершілік қасиеттерді сақтау және оларды дамыту, адамның өзінің «бет-бейнесін» сақтап қалуына көмектесу болып табылады. Қазіргі әлемнің, оның ішіңде қазіргі Қазақстанның міндеті жалпы адамзаттық, гуманистік және толеранттылык құндылықтарды, конфессияаралық келісім, диалогты ғасырлар бойы әлемдік және дәстүрлі діндердің енгізген принциптері мен қағидаларын қазіргі жалпы әлемдік, адамзаттық өркениеттегі бейбітшілікті сақтап қалу үшін және әр түрлі саяси құрылымдарды, сан алуан этностар мен конфессиялардан тұратын көптеген мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүруі үшін белсенді пайдалануға саяды. Конфессияаралық бейбітшілік пен келісімнің нығаюы үшін, діннің біріктіруші, рухани тұрғыдан құрушы фактор есебінде рөлінің күшеюі үшін діни мәдениет пен діни сананы қалыптастыру қажет», — деді Ержігітов өз баяндамасында.

Айта кетейік, биыл Ақтөбе мен Алматыда орын алған лаңкестік оқиғалардан кейін республиканың барлық аймағында ақпараттық топтар құрылып, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 1