вторник, 22 октября 2024 г.
icon
481.68
icon
522.48
icon
5
Алматы:
icon
22oC
Астана:
icon
7oC
×

Казнетті шулатқан видео: Сәбит Әбдіхалықовтың әйелдері бір тойда жүр

Қазақстанның танымал продюсері әрі режиссері Сәбит Әбдіхалықовтың казіргі әйелі – жас актриса Динара Абдуллина мен бұрығы әйелі – шоу-бизнестегі жарық жұлдыздардың бірі Айгүл Иманбаеваның бірге түскен видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті, деп  хабарлайды ИА «NewTimes.kz».

Фото: starnews.kz
Фото: starnews.kz

Көпшіліктің қызу талқысында болған видеода Сәбит Әбдіхалықовтың бұрынғы және қазіргі келіншектері бірін-бірі құшақтап видеоға түскені байқалады.

Бұл видео Мейрамбек Бесбаевтың 45 жасын дүркіретіп тойлап жатқан Алматының ең қымбат мейрамханаларының бірінде жасалған. 

Алайда, бұл тойға Алтынай Жорабаева бармағаны мәлім. Және оның бұрынғы киеуінің, яғни Сәбит Әбдіхалықовтың казіргі жарымен бұндай жақсы қарым-қатынас байқалмағаны да рас.

«Айгүл озiн күштi кылып корсеткiсi келеді. Айтпесе үшiншi айелiменде суйiсiп не корiндi. Алтынай молодец. Дурыс жасады. Айгүл болса жүр әлі Сәбит кіммен қосылса соған жабысып; Үшінші әйелдің туыстары ескертетін шығар, тағы Алтынайдың кебін киіп қалма деп. Алтынайға ешкім жетпейді ғой, сұлу да ақылды және төрт қызы бар. Нағыз бақытты әйел!», — дейді көпшілік.

Айта кетейік, Мейрамбек Бесбаев туған күніне орай шағын той ұйымдастырып, онда барша жақындарын шақырған. 

Әншінің қуанышына Сәкен Майғазиев, Кенжебек Жанәбілов, Ернар Айдар, Мәдина Сәдуақасова, Нұрболат Абдуллин, Қайрат Нұртас, Айгүл Иманбаева, Арман Дүйсенов, Сейфуллин Жолбарыс, Алтынбек Қоразбаев және тағы да басқа өнер жұлдыздары жиналған. 

Сондай-ақ, танымал әнші Тамара Асар Бесбаевтың туған күніне өзі бара алмаса да, әншіге сыйлығын беріп жіберген. Ол өнердегі әріптесінің 45 жасқа толуына орай алтын жалатылған самаурын сыйлаған.

Что думаете об этом?
Нравится 4
Мне все равно 2
Забавно 2
Сочувствую 9
Возмутительно 3