«Дикий Арманның» оң қолы және Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі Түркия түрмесінде жатқаны рас па?
Қылмыс әлемінде «Нойс» лақап атымен танымал Нұржан Иманалиев «Дикий Арманның» оң қолы ретінде белгілі.
Ол соңғы рет суретін Instagram желісіндегі парақшасына 1 мамыр күні жариялап, жары Айнұр Тұрсынбаеваны туған күнімен құттықтаған. Одан кейін мүлдем үнсіз қалған, деп хабарлайды «NewTimes.kz» агенттігі Caravan.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: embedy.ru
Иманалиевтің жан досы, қылмыс әлемінде «Дикий Арман» атымен танымал Арман Жұмагелдиев Нойспен түскен суреттерін жиі желіге жүктейтін. Бірақ соңғы кездері Арман жүктеген суреттерде ол көрінбейді.
Тіпті Сербия елінде өткен әлем чемпионатына Дикий Арман қазақ боксшыларына қолдау көрсету үшін арнайы барған болатын. Жеңілген спортшыларға қолдау ретінде ақша да таратты. Дегенмен әрдайым жанында жүретін досы Нойс ол кезде көрінбеді. Сондай-ақ, біраз уақыт Түркия елінде өмір сүрген Дикий Арман қазір Дубай қаласында жалғыз жүр.
Ал Нойс лақап атымен танымал Нұржан Иманалиевтің жары, айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева қазір «Рухани кездесу» ұйымдастырып, Қазақстанның түкпір-түкіпірн аралап, елмен жүздесіп жүр. Десе де ол жерде де күйеуі көрінбейді. Сондай-ақ Дубайда да тренинг өткізгенімен ол жақта да жанынан Нұржан Иманалиев табылған жоқ.
Осы жағдайларды саралай келе Нойстың әлденеге душар болғанын болжауға болады. Кейбір қауесет бойынша қазір Нұржан Иманалиев қамауға алынып, Түркияда түрмеде жатыр. Дегенмен оның қаншалықты рас, өтірік екені беймәлім.
Еске салсақ, Нойстың Түрік ұйымдасқан қылмыс әлемінің серкелерімен жиі кездескені белгілі.
Айтыстың аққуы атанған Айнұр Тұрсынбаеваның Нұржан Иманалиевке тұрмысқа шыққаны туралы жаңалық 2019 жылдың жазында белгілі болған еді. Бұл жаңалық елді бір шулатты, себебі бұл неке Тұрсынбаева үшін үшінші болатын. Содан бері олар Түркияда тұрып жатқан.
Оқи отырыныздар: Дикий Арман алғаш рет әке атанды
-
Повзрослевшая Данэлия Тулешова получила множество хейта в свой адрес08.02.2023, 15:10Что говорят астанчане об известном доме с «привидениями»08.02.2023, 11:20Нейросеть назвала причины землетрясений в Турции08.02.2023, 10:10Сирия осталась одна? Голод, разруха, а теперь и землетрясение08.02.2023, 13:00Казахстанку нашли живой под завалами в Турции08.02.2023, 19:35Водитель автобуса смотрел порно за рулем в Астане – видео08.02.2023, 14:28
-
08:45В Турции зарегистрировали землетрясение магнитудой 5,408:00Угля осталось на два дня: замерзнуть боятся жители поселка в Карагандинской области07:20Эвакуированные из Газиантепа рассказали, как пережили землетрясение06:40Полицейский погиб в смертельном ДТП в Алматинской области06:00Прогноз погоды в Казахстане на 9 февраля05:00Тюрьма грозит известному таразскому активисту03:00США могут снять санкции с казахстанского банка01:00Более 300 наблюдателей от ОБСЕ приедут в Казахстан на выборы