среда, 24 апреля 2024 г.
icon
444.32
icon
473.33
icon
4.76
Алматы:
icon
18oC
Астана:
icon
6oC
1xadv
×

«Құрсын, фигурасы от екен»: Ресейлік Ким Кардашьян қазақша өленге билеп елді таң қалдырды

Оқырманы 13 миллионнан асқан блогердің қазақ әніне бірнеше мәрте билеген бейнежазбасы Tik-tok-тағы парақшасында жарияланып Казнетті бір шулатты, деп хабарлайды ИА «NewTimes.kz».

Фото: valeriya_bearwolf/Instagram
Фото: valeriya_bearwolf/Instagram

Бүгінде Tik-tok желісінде вирусқа айналған қазақ әніне тек қазақстандықтар ғана емес, ресейлік блогерлер де қосылды. Әсіресе, фитнес-жаттықтырушы, блогер Валерия Бервольфтің биі қызу талқылануда.

Ол Жолдасбек Әбдіхановтың «Аш, аш» әніне билеген. Видеоға бұл қай елдің әні деп сұрақ қойған сылқымға желі қолданушылары түрлі пікір қалдырған. Тіпті биден бұрын оның мүсініне қызығушылықтарын жасыра алмапты.

«Бұл қазақтың әні, тамаша!», «Биі құрсын, фигурасы от екен», «Қазақ әні болашақта әлемжелінің үздігі болсын», «Пах шіркін биін-ай», − деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, Валерия Бервольф тек блогерлігімен ғана емес, мінсіз мүсінімен де жақсы танымал. Оны тіпті Ресейде екінші Ким Кардашьян деп те атайды.

Что думаете об этом?
Нравится 1
Мне все равно 0
Забавно 1
Сочувствую 2
Возмутительно 4