Жамбыл облысындағы шекара заставасында әскери борышын өтеп жүрген Ұлықбек Бердішовтен 2 күннен бері хабар жоқ, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпарат агенттігі «Aibatnews» Instagram-парақшасына сілетеме жасап.
Сарбазды әскерилер мен туған-тустары іздестіріп жатыр.
19 жастағы жауынгер Қызылордадағы Қазалы ауданынан. Ұлықбекті соңғы рет өзімен бірге әскер қатарында жүрген Ердос Мырзағалиев көріпті.
Айтуынша, ол 2 наурызда ат қораны тазалап жүрген. Кейін барлығы сапқа шақырылғанда Ұлықбек келмепті.
Анасы Орынкүл Мерекова қазір дүйім жұрттан көмек сұрап отыр. Баласының жарты жылдан бері шекара заставасында әскери борышын өтеп жүріпті.
Ұлықбек ешнәрсеге шағым айтпаған. Өзі де жуас жігіт дейді.
Ұлықбектің әкесі және ағалары да іздестіру тобының қатарына қосылған. Олар қазір шекара заставасының айналасындағы ауылдарды, тау-тасты аралап жүр.
Алайда әзірге көрдім-білдім деген ешкім жоқ.
Посмотреть эту публикацию в Instagram