Танымал «Cто к одному» бағдарламасының жүргізушісі Александр Гуревич «Россия 1» телеарнасындағы қызметінен кетті. Бұл туралы «Starhit» басылымы хабарлайды.
Бұған дейін Гуревич бағдарламасының YouTube-тағы эпизодтарында соғысқа өз көзқарасын комментарийда жазып білдірген. Ол сондай-ақ платформа қолданушыларын телеарнада көрсетілетін барлық эпизодтар соғыс басталмай тұрып жазылған деп сендірді.
Тележүргізуші ойын-сауық шоуын жүргізуді қаламайтынын және оған қатысқысы келмейтіндерді түсінетінін айтты.
«Қазіргі уақытта маған көңіл көтеру және әзілдесу мүмкін емес деп ойлаймын», ― деді ол.
«Сто к одному» бағдарламасы әрі қарай жалғасады ма, оны кім жүргізетіні әзірге белгісіз. Бағдарлама 1998 жылдан бері «Россия 1» арнасында көрсетіліп келеді және Гуревич оның тұрақты жүргізушісі болды.