Белгілі заңгер Абзал Құспан қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен қамауға алынған вайнер Мейіржан Төребаевтың ісіне қатысты пікір білдірді. Заңгер вайнерді қамауға алу туралы санкцияның заңсыз екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы адвокат Facebook-тегі парақшасында жазды.
«Вайнер Мейіржанның мен адвокаты да, туысы да, танысы да емеспін. Ортақ та таныстарымыз жоқ екен. Оған қатысты қамауға алу санкциясын заңсыз деуіме себеп, оның жеке басында емес, қолданыстағы заңнама ерекшелігінде болып отыр.
Мейіржанның іс-әрекеті жарнамамен шектелген, болды. Басқару немесе құру жұмысына қатысы жоқ. Біреулер ЖШС-ның құрылтайшылығы мен қатысуды шатастыруда. Құрылтайшы - учредитель, қатысушы - участник, екеуі мүлдем екі бөлек ұғым.
Алматы полиция департаменті, сасқан үйрек артымен сүңгидінің керімен, сайқымазақ-вайнерді ұйымдасқан қылмыстық топ мүшесі (ОПГ) қылып, қамады (осы кезде шын бандиттер үшін айдалалағы мен ұялып кеттім).
«Өзімді өлтіруім керек пе?»: Дана Есеева күйеуінің ісіне қатысты президенттен араша сұрады
Оған қатысты істе қоғам үшін ең сорақы жері сол - енді кез-келген адам өзін өртеп немесе өртеймін деп қорқыту арқылы өз дегеніне жете алатын болды!
Алматы ПД осындай практика қалыптастырғысы бар бізге! Ал жарнама мәселесіне келсек, 1997 жылғы кодексте «жалған жарнама» үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген болатын. 2014 жылғы кодексте ол белгісіз себептермен алынып тасталған.
Қазіргі таңда өз басым Парламентаризм Институтының бастамасымен 217-баптың (қаржы пирамидасын құру, басқару) санкциясын ауырлату және 217-1 бапты (қаржы пирамидасын жарнамалау) енгізу жөніндегі жұмыс тобындамын», — деп атап өтті заңгер.