суббота, 20 апреля 2024 г.
icon
446.49
icon
475.38
icon
4.79
Алматы:
icon
23oC
Астана:
icon
23oC
1xadv
×

«Төреш екеуміз ұрысып қалдық»: Ерке Есмахан «Алло» клипінің түсірілімі жайлы айтты

2015 жылы жарыққа шыққан «Алло» әні халық арасында кеңінен таралып, хитке айналды. Туынды Төреғали Төреәлі мен Ерке Есмаханның жұлдызын жарқырата түсті десек те болады. Алайда ән мен миллиондаған қаралым жинаған бейнебаян оңайлықпен жарыққа шықпаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Түсірілім кезінде болған түсініспеушіліктер жайлы Еркенің өзі баяндады.

«2015 жыл. 2 айға созылған клиптің түсірілімі, айқай-шу, Төреш екеуміз ұрысып қалғанбыз. Әйтеуір шығара салайықшы клипті дегенімізді тизердің жазуларынан байқап тұрған шығарсыздар. Бірге обложкаға суретке түсейік десек, ұрысып қалғанбыз, араласпаймыз», — дейді Есмахан.

Қос әнші болмағандықтан, клип режиссерлеріне әннің мұқабасын өзгеше етіп ойластыруға тура келген. Ақырында ән жарыққа шығып, көпшіліктің көңілінен шықты. Ал бейнебаян бұрын-соңды болмаған рекорд орнатты.

Көп ұзамай, Төреғали мен Ерке достасып, ел-елді аралап, концерт қойғандарын айтады. Әнші сол кездегі халықтың махаббатын әлі күнге дейін ұмытпағанын жеткізді.

«Төреш екеуміз сырлас, дос, әріптес, бауыр болып кеттік. Сол 2015-ші жылдан бастап басымыздан не өтпеді? Дуэт сәтті болды, одан әрқайсымыз жеке шығармашылықпен айналыстық. Құдайға шүкір! Досым Төреш, тек жақсылық тілеймін, аман бол! Бала-шағаңның қызығын көр, тек шығармашылық табыс!» — деп бөлісті Ерке.

Араға жылдар салып, ТТТ мен Ерке Есмахан «Алло» әнін қайта орындап, жаңа нұсқада көпшілікке ұсынды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 1