Бағдат Мусин «2ГИС», «Яндекс» қосымшаларына тілге қатысты талап қойды
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің мәлімдеуінше, енді елімізде қолданылатын мобильді қосымшалардан қазақ тілінде қызмет көрсетуі талап етіледі, деп хабарлады turkystan.kz.

Фото: turkystan.kz
«Бұған бұрын мән бермеуші едік. Тек қана мемлекеттік органдардың сайттарына, порталдарына назар аударып келдік. Оларды мәжбүрлеп, қазақ тіліне аударттық. Бірақ олардың да сапасы төмен екенін білеміз. Қазір жақсартып жатырмыз. Оларға талап қойылды, жұмыс жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді министр Ақтөбе облысының тұрғындарымен кездесуде.
Мусиннің айтуынша, Facebook сынды жекеменшік сервистерден қазақ тілінде жұмыс істеуін талап ете алмайды. Егер қазақ тілінің жоқтығына байланысты сервисті елде жауып тастаса, тұрғындар наразы болуы мүмкін.
«Бұл – нарық. Сондықтан осы сатыда қазір Америкаға бармай-ақ қояйық, жанымыздағы сервистер – 2ГИС, Яндекс болсын, соларға шығып, осындай талаптарды қойып жатырмыз. «Біздің экономикада жұмыс істегіңіз келсе, онда қазақ тілін енгізесіз» деген талап қоямыз. Сондай ұсыныстарды талқылаудамыз», – деді министр.
-
«Не подкинут наркотики в карман»: Релокант из России о Казахстане03.02.2023, 11:20«Если на меня подадут в суд, я уеду»: Иностранные инвесторы о проблемах с бизнесом в Шымкенте03.02.2023, 00:00Многодетная мать, жившая с детьми в кафе, получила квартиру03.02.2023, 09:57В Актобе судят устроившего резню директора школы03.02.2023, 01:00Подросток насиловал сверстника — полиция начала расследование03.02.2023, 19:37Уникальная средневековая башня в Туркестанской области разрушается после реставрации03.02.2023, 03:00
- Смотреть все