пятница, 19 апреля 2024 г.
icon
447.4
icon
477.55
icon
4.76
Алматы:
icon
14oC
Астана:
icon
14oC
1xadv
×

«Мұрынбоқ болып келген»: Шиелідегі мектеп директоры мен мұғалімдердің ұрысы видеоға түсіп қалған

Қызылорда облысы Шиелі ауданының мектебінде директор мен мұғалімдер арасындағы жанжал видеоға түсіп қалды. Бұл туралы желі белсендісі Ардақ Қазақбайқызы Facebook парақшасына жариялады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Фото: «NewTimes.kz» ақпарат агенттігі
Фото: «NewTimes.kz» ақпарат агенттігі

Кадрда аудандық мектеп директоры мұғалімдерді сынап, олардың мектепке қалай келгендерін еске салды.

Бұл видеоға қатысты Шиелі аудандық білім бөлімі пікір білдірді.

«Аудандық білім бөлімі облыстық білім басқармасымен бірге мәселені қарастырып жатыр. Тиісті зерделеу жүргізіліп, мәселе анықталған соң басшы мен тиісті қызметкерлер іс-әрекетіне құқықтық тұрғыдан баға берілетін болады», — делінген хабарламада.

Видео авторы Ардақ Қазақбайқызы директордың осы орында 10 жылдан аса уақыт бойы қызмет етіп келе жатқанын жазған.

«Бұл сұмдық тиран директорға 10 жылдан бері төзіп келе жатқан мұғалімдерге медаль тағу керек шығар», — дейді ол.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 2
Возмутительно 0