вторник, 8 октября 2024 г.
icon
481.84
icon
531.33
icon
5.07
Алматы:
icon
10oC
Астана:
icon
5oC
×

Бозымбаев Ұйғыр ауданының атауын өзгертуге қатысты пікір білдірді

Ұйғыр ауданының атауын өзгертуге қатысты әзірше нақты бір саяси шешім жасалған жоқ, деп хабардайды Skifnews.kz.

Фото: sn.kz
Фото: sn.kz

Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев Ұйғыр ауданының халқымен кездесіп, тұрғындардың сауалына жауап беріп, атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.

Ұйғыр ауданының атауын ауыстыру туралы сауалға берген жауабында Алматы облысының әкімі өткен жылдың желтоқсан айында болған тұрғындармен кездесуінде ақсақалдар осы мәселені көтергенін, ауданның төл тарихи атауын анықтау үшін ғалымдардың да бұл іске қосылуын сұрағанын айтты.

Соған байланысты Тіл және Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институттары жасаған сараптама тиісті мемлекеттік органға ұсынылғанын жеткізді.

«Әзірше нақты бір саяси шешім жасалған жоқ. Дегенмен қазір алдын ала жұмыстар жүргізіліп жатыр», —деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Что думаете об этом?
Нравится 1
Мне все равно 0
Забавно 10
Сочувствую 9
Возмутительно 22