четверг, 2 мая 2024 г.
icon
442.05
icon
474.14
icon
4.74
Алматы:
icon
16oC
Астана:
icon
12oC
1xadv
×

Мөлдір Әуелбекова: «Ұлыма әкесін қанша мақтасам да елемейді, себебі бауырына баспаған»

Мөлдір Әуелбекова бұрынғы жолдасы мен ұлының арақатынасы жайлы айтты. Әнші ұлының әкесіне жақын болып өскенін қалайды. Алайда бұл арманы әзірге орындалмай тұр, деп хабарлайды stan.kz.

Желідегі оқырмандары әншіден бұрынғы жолдасы мен күйеуінің арақатынасы туралы сұрады. Әнші олардың сауалы жауап беріп, мән-жайды түсіндірді.

«Бір жылда бір келіп көріп кетеді. Осы биылғы ораза айынан бастап, екі ай болды көмектесе бастады. Рахмет. Не түрткі болғаны маған белгісіз. Бір-бірін жақын танып, араласса – қуанамын. Бірақ балам қанша әкесін есіне салып, мақтап отырсам да әзірге онша елемейді. Себебі әкесі бауырына баспаған. Алдағы уақытта ол да түзелер», – деп жазды Әуелбекова.

Айтуынша, ұлы әлі кішкентай. Әкесіне бауыр басып үлгермеген. Әке мен бала көп көріспейді. Дегенмен соңғы уақытта әкесінің ұлына көмектесіп жүргенін мойындады.

Ал желі қолданушылары әкесі мен ұлының жақын болғанын қалайды. Әншіге бақыт тіледі.

«Өзіңіз жақсы жар тапсаңыз екен», «Екінші жолдасыңыз да араласпай ма?», «Бәрі сізге байланысты», «Бала бәрібір әкесін іздеп табады, қазір білінбейді», «Әкесімен қосылуға болмас па еді», «Жақсы қатынас орнатыңыз», «Ұлының керек екенін енді түсінген шығар», – деп жазды олар.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0