пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
1oC
Астана:
icon
-3oC
×

Ескендір Хасанғалиевтің ұлы Qanay-ды сотқа беретiнiн айтты

Отандық шоу-бизнесте тағы да шу шықты. Ескендір Хасанғалиевтің әнін рұқсатсыз орындаған Qanay-ды композитордың ұлы заң жүзінде жазалатпақ, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы zhulduz_tv-ге сілтеме жасап.

Фото: jasqazaq.kz
Фото: jasqazaq.kz

Отандық шоу-бизнесте Qanay лақап атымен танылған Нұрболат Қанай осыдан бір ай бұрын Ескендір Хасанғалиевтің «Бозторғайым» әніне түсірген бейнебаянын жарыққа шығарған еді.

Бірақ аталған туындыны орындау үшін композитордың отбасынан рұқсат сұрамапты. Жас әншінің бұл әрекетіне Біржан Хасанғалиев қатты ашулы.

«Ол әнді Qanay-дың орындағанын бір жолдасымнан естідім. «Мынау сенің әкеңнің әні ғой. Сенен рұқсат сұрады ма?» деді. Ешқандай рұқсат сұраған жоқ. Олай әрбір әнді рұқсатсыз орындай беруге болмайды. Егер барлығы дәл осылай әр әнді орындап, клип түсіріп, ойына келгенін істесе мен қандай мұрагермін? Олардың бұл ісі дұрыс емес. Хабарласып, келіп, осындай бір тақырыпқа клип түсіргім келеді деген сияқты ештеңе болған жоқ. Біз заңды мемлекетте тұрып жатырмыз. Соған қоса қазір «Жаңа Қазақстан» құрылып жатыр. Әнді рұқсатсыз орындағандарға неге заң болмауы керек? Бұл — менің тікелей құқығым, яғни біздің жанұяның тікелей құқығы бұзылды деген сөз», — дейді Хасанғалиевтің ұлы.

Кейін Хасанғалиевтің өкілдері жас әншінің продюсеріне хабарласқан. Олардың сол сәттегі жауабы Біржан Ескендірұлының намысына қатты тиген көрінеді.

«Біз бұл әнді «халық әні» деп ойладық депті продюсері. Ал өздері клипке музыканың авторы Ескендір Хасанғалиев деп жазып қойған. Әрине, осындай әрекеттері намысқа тиеді. Клиптің шыққанына бір айдан асты, айналым жүріп жатыр, миллиондаған қаралымы бар. Қазір заңгерлер осы мәселемен айналысып жатыр. Әрине, мен бәрібір жеңемін. Өйткені мұрагері ретінде бұл біздің құқымыз. Мен бармын, анам бар және менің әпкем бар. Барлығы бізде заңды түрде тіркелгендіктен, олар да заңды түрде жауапқа тартылады. Егер келіссөз дұрыс жүргізілмесе сотқа береміз. Бұл істі соңына дейін апарамын», — дейді Біржан Хасанғалиев.

Что думаете об этом?
Нравится 91
Мне все равно 20
Забавно 18
Сочувствую 273
Возмутительно 18