Баян Алагөзова актер Қуандық Шәкіржановтың алдында отырған суретін жариялап, елдің қызу талқысына түсті, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Белгілі продюсер әріптесімен бірге түскен суретін Instagram парақшасында жариялап, «Тағы жаңа күйеу», деп жазды.
Аталған суретке желі қолданушылары сансыз пікірлерін білдірді. Олардың бір тобы фото жаңа фильмнен алынды деп болжаса, ендігілері 50 жасқа жақындаған Алагөзованың әрекетін сынға алды.
«Құтты болсын», «Тағы хайп», «Алагөзов әдемірек, сонымен бірге қала беріңіз», «Әйелі қызғанбай ма екен?», «Жанар Айжанова көрмесін», «Мына кісінің арманы жоқ шығар», - деп пікір білдірді желі қолданушылары.