суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-0oC
Астана:
icon
-6oC
×

Бекболат Тілеухан: «Біздің халықта сапа жоқ, тек сөз бағу!»

Бекболат Тілеухан «біздің халықта сапа жоқ, сөз бағып біреуді құлатумен ғана айналысады» деп қазақ халқын өзге ұлттармен салыстырып, жер қылды. Бұл туралы ол Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты, деп жазады «Адырна» ұлттық порталы.

Фото: parlam.kz
Фото: parlam.kz

«Халықтың сапасы соншалықты «жоғары деңгейде» деп мен популисттік өтірікті айтпаймын, халықтың сапасы қиын. Қарашы. Мен осы инстаграм деген пәлеге кірісіп кеттім... Бірденені жіберіп қалсаң, 15 минуттың ішінде 21 мың адам...

Бұлар не істеп отыр? Елдің жұмыстары жоқ па? Инстаграм аңдып отыр ма? деген сияқты ой келеді. Сосын анау нәрсені жазып, таласқанға.. Қаншама уақыт кетеді...

Ал енді мына Түркияда көресің... Анау күні Бакуде болдым, Будапеште болдым. Әр жерлерде болып жүрмін. Халықтармен кездесесің, көресің... Жұмыспен өте жақсы айналысқан адамдардың әлеуметтік желіге уақыты жоқ.

Біреуі терісін тігіп жатыр, біреуі даласын сыпырып жатыр. Біреуі тамағын пісіріп жатыр. Біреуі тағы бірденесін істеп жатыр. Бізде шынында да «сөз бағып» отырған,сол сөзді бағып біреуді құлатумен ақша тауып, сонымен күн көріп отырған адамдарды көрген кезде мен халықтың сапасына күмәнданып қаламын», — дейді Бекболат Тілеухан.

Что думаете об этом?
Нравится 1
Мне все равно 4
Забавно 27
Сочувствую 10
Возмутительно 16

В статье: