суббота, 20 апреля 2024 г.
icon
446.49
icon
475.38
icon
4.79
Алматы:
icon
23oC
Астана:
icon
23oC
1xadv
×

Айнұр Тұрсынбаева Стамбұлда келін түсірді

Түркияда тұрып жатқан белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева ұлын үйлендірді, деп хабарлайды Экспресс К.

Фото: әлеуметтік желі
Фото: әлеуметтік желі

Ақын әлеуметтік желіде баласы Беклан Мәдина есімді арумен мұсылманша некесін қидырғанын мәлім етті.

«Балам некесін қидырды. Бірақ бізде үлкен той енді болады. Бұл тойдың ерекшілігі Стамбұлда өтетіндігінде. Үлкен той болады деп күтіп отырмыз», — дейді Айнұр Тұрсынбаева.

Айтыскер баласы мен келінін ресми ерлі-зайыпты болғанын құттықтап, сыйлығын тарту етті.

Айтыскер ақын Түркияда үшінші күйеуі қылмыс әлемінде «Нойс» лақап атымен танымал Нұржан Иманалиевпен бірге тұратынын айтқан болатын. Бірақ Иманалиев соңғы бір жыл көлемінде елдің көзіне түскен жоқ. Тіпті, Түркияда қамалғаны туралы ақпарат та тарап кеткен. Алайда анасы баласының қамалғанын жоққа шығарған.

Что думаете об этом?
Нравится 3
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 1