суббота, 20 апреля 2024 г.
icon
446.49
icon
475.38
icon
4.79
Алматы:
icon
21oC
Астана:
icon
20oC
1xadv
×

Еден жуып жүріп, ән салған бала желіде «жұлдызға» айналды

Әлеуметтік желіде еден жуып жүріп, «Бозторғай» әнін шырқаған жас баланың видеосы тарады. Көпшілік мектеп оқушысын Мейрамбек Бесбаевтың жас кезіне ұқсатып, оның талантын жоғары бағалады. Бір күнде желі жұлдызына айналған балақай «Қазақстан» Ұлттық арнасының «1001 түн» бағдарламасында қонақ болды, деп жазады stan.kz.

Елдің назарына іліккен баланың есімі - Жарқын Ойрат, 8-сынып оқушысы, қарапайым ауылдың баласы. Айтуынша, желіде тараған видеоны оның мектептегі ұстазы түсірген.

«Біз таңертең екі сағат волейбол ойнаймыз. Содан кейін кезекші келіп, еден жуады. Таныс кісі болғандықтан, көмектесіп жүргенмін. Өзіммен өзім ән айтып жүрдім. Сонда ұстазым: «Қаттырақ айт, мен сені түсіріп алайын», деді. Сөйтіп желіге салып жіберіпті», — дейді Жарқын Ойрат.

Жарқын үйде бес баланың екіншісі. Айтуынша, кезінде әкесі әнші болуды армандаған.

«Сахнаға шыққанда өзімнен өзім қобалжимын. Мен Рамазан Стамғазиев пен Бекболат Тілеуханды үлгі тұтамын. Аздап домбыра шертемін. Әкемнің орындалмай кеткен арманы бар. Ол да мен секілді әнші болғысы келген. Ол кісі Алматыда оқыған, бірақ бір себептермен оқуды тастап, ауылға қайтып, жылқы баққан. Қазіргі кезде ауылда мәдениет үйіне концертке шақырып тұрады», — дейді Жарқын Ойрат.

Бір қызығы, желіде жұлдызға айналған Жарқынның өзі Instagram-ға тіркелмеген. Әзірге TikTok-та 500-дей оқырманы бар Жарқын:

«Мен қалай жұлдыз болып кеткенімді білген жоқпын», — дейді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 2