понедельник, 6 мая 2024 г.
icon
441.66
icon
475.14
icon
4.86
Алматы:
icon
15oC
Астана:
icon
6oC
1xadv
×

«Арман баладай аңғал азамат еді»: Жүнісованың жүрекжарды сөзі жұртты жылатты

Халық артисі Мақпал Жүнісова кеше ғана дүние салған композитор Арман Дүйсенов туралы естелігімен бөлісті, деп хабарлайды Экспресс К.

Фото коллаж: exk.kz
Фото коллаж: exk.kz

Марқұм композитордың қонақасына жиналған көпшіліктің видеосын Мақпал Жүнісова өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Онда әнші Арман Дүйсеновтің әйеліне және оның туыстарына көңіл айтып, ол туралы естелігімен бөлісті.

«Арманның әнінің арқасында менің дәрежем биіктеп, халықтың қошеметіне бөлендім. Арманжан бәріміздің есімізде, мәңгілік есімізде қалады. Дұшпандарың жоқ деп ойлаймын. Өйткені Арман үлкенге де, кішіге де иіліп баладай нұрын шашып жүретін азамат болатын. Ескендір Хасанғалиевтен кейін қазақ ән өнеріне үлкен үлесін қосқан — ол Арман. Осы жерде отырған әншілердің барлығы Арманның әнін айтты. Оның әндері ешқашан ұмытылмайды. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын», — деді Мақпал Жүнісова.

Әнші, композитор әрі продюсер Арман Дүйсенов 24 қаңтарда жүрек талмасынан көз жұмды. Ол 1974 Орал қаласында дүниеге келген. Әзірге марқұмның денесі қайда жерленетіні белгісіз.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)

Что думаете об этом?
Нравится 2
Мне все равно 69
Забавно 0
Сочувствую 1
Возмутительно 6