«Әншілер, Меккеге емес, ата-әжелеріңнің зиратына соңғы рет қашан бардыңдар?» – журналист
Қазақстандық журналист Бибігүл Дәулетбекқызы отандық шоу-бизнес өкілдерінің Түркия мен Араб еліне қаржы құйып, екі елді байытқандарын сынға алды, деп «Адырна» ұлттық порталына сілтеме жасап «NewTimes.kz» ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Автордың айтуынша, қазір екінің бірі, егіздің сыңары «Умрада жүрмін» деген суреттерін жарыса жариялайтын болған.
Сонымен қатар, журналистің айтуынша, күні кеше денесін жалаңаштап, бүгін орамалға бүркенгендер мен Түркияда өмір сүретіндер ел ішіне іріткі салып, қазақты Ауғанстан жолына қарай бағыттап отыр.
Журналист Бибігүл Дәулетбекқызы өз пікірін былайша білдірді:
«Инстаграмды ашсаң болды алдыңнан Меккеде жүрген шоу-бизнестердің сайқымазақтары: «Умрада жүрмін» деген суреттерін жарыса салуда. Кеше ғана дөтенін жалтыратып жүрген әншілерің орамалға бүркеніп жатыр шеттерінен. Жә, өз қалауы. Бірақ собіреулер миллиондаған қыз-келіншектердің миын улайды да, сол хиджабын қайта шешіп тастайтынына жыным ұстайды!
Немене мода болып кеткен бе Меккеге бару?! Соларға қояр сұрағым: сендер өзі соңғы рет бұл дүниеден өткен ата-әжелелеріңнің, жақындарыңның зиратына қашан бардыңдар?
Әруақ риза болмай - тірі байымайды. Осылай кете берсек, бір күні Ауған еліне айналамыз ба деп қорқамын!
А, айтпақшы, кеше Мұхамеджан Тазабеков Алматыда қызын ұзатып, ол тойға Бекболат Тілеуханнан бастап бүкіл әншілер, ығайлар мен сығайлар болыпты ғой. «Тойдағы әйелдердің бәрі бүркеніп алған хиджапқа, құдды Сауд Араб елінде жүргендей болдым» деп айтып жатыр барғандар. Жетіскен екенбіз дедім. Қызық деймін де... Бұл кісілер Түркияда өмір сүреді, тойларын елде жасайды», — деп жазды журналист.
Сонымен қатар, өткір жазып, кесіп айтуға машықтанған журналист кезекті жазбасында қазақтың басын айналдырып, елді адастырғандарды сынады. Қазақ, өзбек, қырғыздың қам-қарекетін шендестірді.
«Түркия мен Араб елі Қазақстанға ырза шығар. Осы екі елді әлгі сайқымазақтар мен әншілер жарнамалап әбден байытты. Хиджапқа оранып алып әндетіп, одан қалды түпсаналарын оятамын деген психологсымақтары елді адастырып болды. Соларды еліміздің сатқындары дер едім! Себебі, елін ойласа, қаржыны миллиардтап сыртқа шығармай елдің ішіне салар еді ғой. Өзбек ағайындар мен қырғыздарды қараңыздаршы, шет елде жұмыс жасайды да, сол тапқан табысын елге әкеліп жұмсайды. Ал біздің қауақбастар кері жүреді», — деді Бибігүл Дәулетбекқызы.
-
Роза Рымбаева немересінің бесік тойында ортаны бермей билей жөнелді26.03.2023, 21:41Попытка суицида после группового изнасилования: Дело поступило в суд в Павлодаре26.03.2023, 22:46С Димашем встретилась фанатка, выучившая ради него казахский язык26.03.2023, 11:59Токал брата Назарбаева покупала наркотики на его деньгиСегодня, 11:28ФИДЕ прокомментировала громкий скандал между казахстанскими шахматистками26.03.2023, 12:58Шахматный скандал: Немецкий гроссмейстер вступился за Жансаю Абдумалик26.03.2023, 19:40
-
22:45Возгорание, смерть: Две фуры столкнулись в Актюбинской области22:25Торговый дом ограбили в Астане21:46Частный сектор Петропавловска вторые сутки в воде21:25Премьер-министр Израиля решил приостановить вызвавшую массовые протесты реформу20:47Сельчане в Мангистау перекрыли дорогу с требованием работы в нефтяных компаниях20:22Три человека погибли в страшном ДТП на трассе в Жетысу19:40Массовое отравление школьников в Шымкенте: В смывах обнаружена кишечная палочка19:15Журналист Михаил Козачков осужден на 3,5 года условно18:44Около десяти новостроек могут снести в Караганде18:20Задержана преступная группа, «крышевавшая» клубы Тараза18:00Казахстанцев призывают не покупать некоторые ЖК в Алматы17:45Қытай еліндегі қазақтың сұлу қызы домбырыны керемет шертеді17:31Штормовое предупреждение объявлено на большей части Казахстана17:17Секс до 16 лет уголовно наказуем – напоминание прокуратуры17:08Токаев созвал первую сессию обновленного парламента