понедельник, 25 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-4oC
Астана:
icon
-4oC
×

5 жасар қызын орамалмен тұмшалап, құран оқытқызған Қарақат елден сөз естіді

Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдинаның қызы әлеуметтік желіде өте белсенді. Алайда бес жастан асқан қыздың орамал тағып, фатиха сүресін оқыған сәті көпшіліктің сынына ұшыраған, деп хабарлайды Экспресс К.

Фото: instagram.com/karakat_a
Фото: instagram.com/karakat_a

Ғаламторда қызу талқыланған видеоны әнші Қарақат Әбілдина өзінің жеке парақшасына жүктеген.

Аталған бейнежазбаға зер салсақ, анасы қаршадай қызды ақ орамалмен тұмашалап, құран сүрелерін оқытқызып қойған.

«Фатиха сүресінің қасиеті жайында хадис шәрифтерде былай делінеді: «Қайыры ең көп болған сүре — Фатиха, барлық дертке дауа», — деп жазды Қарақат Әбілдина.

Бесіктен белі шықпаған қызына құран сүрелерін оқытқызып, оны видеоға түсіріп, кейін желіге жариялаған Қарақаттың бұл әрекетін жұрт жақтырта қоймаған сияқты. Оқырмандарың басым бөлігі Қыдырәлі Болмановтың әйелі мен қызын сынап, түрлі пікір жазыпты.

«Сол сүре, дұғаны түсініп отырған ол жоқ. Жәй отырған қуыршақ. Шешесінің істеп жүргені. Қаралым, лайк, оқырман жинау, танымалдылық. Басқа не болуы мүмкін?»,

«70 жыл орыстың шошқасын жеп келдік, енді араб болуымыз қалды», «Артықтау кеткен сияқты», — деп жазы желідегі жұрт.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Karakat Abildina (@karakat_a)

Что думаете об этом?
Нравится 3
Мне все равно 0
Забавно 15
Сочувствую 2
Возмутительно 5