суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
-2oC
Астана:
icon
-6oC
×

Екінші рет үйленген Болат Жолдасовтың қалыңдығы туралы не білеміз

Әнші әрі сазгер Ұлықпан Жолдасовтың тұңғышы сүйіктісін ұзатып әкелді. Астанада өткен тойға жұлдызды отбасының жұлдызды қонақтары құда болып төрде отырды, деп жазды KYN.KZ тілшісі. Көпшілік келінді қылықты, сүйкімді сұлу деп жарыса жазып жатыр.

Фото: instagram/aiman_nurazkhan
Фото: instagram/aiman_nurazkhan

Болат Жолдасовтың қалыңдығы Алтынай да музыка әлемінен алшақ емес. Ол кәсіби скрипкашы әрі қобызшы екен. Ұзату тойы Астана қаласында дүркіреп өтті. Тойға құдаларды Нұрлан Өнербаев бастап барған. Ал үйлену тойының қашанға жоспарланғаны белгісіз. Осылайша, музыканттар отбасы тағы бір таланатты арумен толыққан. Еске сала кетейік, Ұлықпан Жолдасов танымал әнші әрі композитор. Оның ұлы Болат гитарада ойнаса, қызы Фарида кішкентайынан сахнада өнер көрсетеді. 8 наурыз күні әншілер отбасы Астанада есеп беру концертін өткізген еді.

Что думаете об этом?
Нравится 3
Мне все равно 0
Забавно 2
Сочувствую 0
Возмутительно 3