пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
0oC
Астана:
icon
-4oC
×

«Транстың ішінде қалып кеткен сияқты». Жанат Бақыттың жақындары жаңа деректермен бөлісті

Кейінгі кезде әлеуметтік желілерде Жанат Бақыт есімді журналистің жасаған мәлімдемелері жұртты шошытып, арты дауға айналып жүр. Ол «Алланың миссиясы аяқталғанын, енді оны Жаратушы деп айту керегін және оны қабылдау қажет екенін» айтқан еді. Жанат Бақыт туралы жақындары жаңа ақпараттармен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Көреміз” бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/@zhanat_bakyt
Фото: Instagram/@zhanat_bakyt

Жанат Бақыттың құрбысы Кәмшат Бекжігітова кейінгі кезде журналист жақындарына не айтқанын әңгімеледі.

Жанат Бақыттың Instagram-парақшасына 2 миллионнан аса адам жазылған. Бағдарлама мәліметінше, 2022 жылғы жазға дейін оның парақшасы тыныш болған, ал 17 қыркүйекте ол жаңа дәуір туралы пікір айта бастаған, қазанда қостанайлық жеке кәсіпкер Юлия Гунткодан регрессивті гипноздаудың тәжірибесі мен теориясының толық курсынан өтіп, арнайы сертификат алғанын жариялаған.

Жанат мұнымен тоқтамай, кейін Амира Әлім есімді регрессологтан да тәлім алған.

Ал ақпанда ақтөбелік Нұрлыбек Төлеповпен сұхбаттасқан.

Домбыра шебері Айбат Кәрібай Жанат Бақытты қолдайтынын, Жанат регрессолог екенін әрі супер санамен жұмыс істейтінін айтқан. Ал Жанаттың құрбысы Кәмшат Бекжігітова оған көмек керек екенін жайып салды.

«Чатқа таңда сәресінде жаздық. «Қыздар, кім ояу?» деп. «Мен ояумын ғой, бәрін оята алмай жатырмын» деді. Қыздар «ұйықтайсың ба?» деп сұрап жатамыз. «Жоқ, ұйықтамаймын. Ояндым. Басқаларды оята алмай жатырмын ғой» дейді. «Жанат, қай әлемдесің?» деймін. «Қуат-көздерімнің бәрі ашық, ақпаратты тікелей аламын» дейді. Болған әңгімені жеткізу емес, мамандар түсінсін, қандай жағдай болғанын білсін деген (ой — еск.). Жанат транстың ішінде қалып кеткен сияқты. Көмек беру керек сияқты. Мен білетін Жанат ешкімнен көмек алайын деп тұрған жоқ», – деп мәлімдеді ол.

Психотерапевт Санжар Тұрсынметов адам үш күн ұйықтамаса, галлюцинация болатынын айтты. Сондай-ақ, оған көмек керек екенін жеткізді.

«Есту арқылы болатын және көру арқылы болатын галлюцинация деген ұғым бар. Бұл кісіде екеуі де дамыған сияқты. Ол жерде білім, деңгей ештеңеге бағынышты емес. Жаңа ағасы (Жанат Бақыттың — еск.) пневмониядан қайтыс болды дедік. Ең жақын адамы өлген кезде «жоғалту реакциясы» болады. Соған байланысты қатты күйзелістен келіп шығатын процесс болуы мүмкін», — деді ол.

Кезінде Жанат Бақыт сұхбаттасқан регрессолог Нұрлыбек Төлепов те бағдарламаға келген. Оның сөзінше, регрессология — адамның проблемасының себебін өткен шағынан табу. Мысалы, адамда қорқыныш болса, транс күйде оның қайдан, қалай пайда болғанын анықтау. Оның айтуынша, Жанат Бақыттың сөзінде бұрмаланған нәрселер бар. Нұрлыбек Төлепов каналдан ақпарат алынатынын, сол бұрмаланғанын, жын-шайтаннан да дамыған тіршілік иелері бар екенін, солар каналдарды өзгертетінін жеткізіп, өзінің «жаратушымен» байланыса алмайтынын мәлімдеді.

«Транс күйге енгізу арқылы жүргіземіз. Адам екі рет транс күйінде болады. Ұйқыға кетіп бара жатқан кезде және ұйқыдан оянған кезде. Есеңгірен сәт — транс күй», – деді ол.

Жанат Бақыттың авторлық курсынан өткендер де баршылық. Мәселен, Айдана есімді Жанаттың ақтөбелік шәкіртінің өзі 90-ға жуық адам қабылдаған. Ол түпсанамен жұмыс істейтінін айтады. Бағдарлама мәліметінше, Жанаттың абысыны Жанар Жаңабайқызы да осы ілімге шақырып жүр. Сондай-ақ, сіңілісі Зарина Бақыт та оны қолдайды.

«Жанат Бақытпен бірге жаңа дәуірге жол тарттық», – деген шәкірттерінің бірі желіде.

Жанат Бақыт Желіде мәлімдемелер жасаған кезде «Ақсарбаз» атты кітапқа сүйенетінін айтып отырады. Бағдарлама мәліметінше, орыс тілінде жарық көрген кітапты 1994 жылы Еділхан Шаймерденұлы жазған.

«Қазақтың қиыншылығы — діннің мағынасын білмеу, танымау. Сондықтан қалған өмірім — Тәңір дінін жандандыру. Өз дінінен бас тартқан қазақ ешқашан жұмаққа жетпейді. Ол — менің антым», – деген ол Желіде тараған видеолардың бірінде.

Сондай-ақ, журналист бұл кітапты 1000 данамен шығарту үшін біраз қаржы бөлген екен.

Бағдарлама мәліметінше, жуырда әлеуметтік желіде «Ақсарбаздың Жанат Бақытқа жауабы» деп аталатын аудиожазба пайда болған. «Көремізде» аудиодағы дауыс Еділхан Шаймерденұлына ұқсайтын адамдікі екені, ол Жанатты сотқа бергісі келетіні айтылған.

«Менің ойымша, ол — қылмыскер. Ондай жұмыс істейтін болса, мен оны сотқа беремін. Жанатты жалдап отырған ол емес, артында үлкен адамдар тұр. Қалталы адамдар. Олардың ойлары түсінікті. Ақ Сарбаз жеңсе, жер дүниеде оларға өте қиын болады», –дейді аудиодағы адам.

Сондай-ақ, Еділхан Шаймерденұлының көмекшісі бағдарламаға осы жайтқа пікір білдірген. Онда ол ұстазының да, өзінің де бұл жағдайға қатыспайтынын айтқан.

Қалқаман мешітінің бас имамы, дінтанушы Руслан Қамбар журналист Жанат Бақытқа жын кіргенін айтты.

«Бірінші кезекте біз оны (Жанат Бақытты — еск.) көрген жоқпыз. Тек әлеуметтік желіден көріп жатырмыз. Ауру екені анық болып тұр. Тек психологтар айналысатын ауру десек, дін туралы тақырыптарды ғана қозғап жатыр. Сондықтан жын араласқан болып тұр. Қазақта барлық ата-бабамыз мұсылманшылықты дәріптеген. Жанат — ауру. Ол ауырып жатыр қазір. Ең жақын туыстары, жақындары күштеп көмек берудің жолын қарастыру қажет. Екінші мәселе бар, Жанаттың айтып жатқаны таза есін біліп айтып жатқан сөздер емес. Жын тигеннің белгісі таза көрініп тұр», – деп түйіндеді ол.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 2
Забавно 1
Сочувствую 0
Возмутительно 0