пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
0oC
Астана:
icon
-4oC
×

«Екі балам шетінеп кетті»: Мақпал Жүнісова қызы Мерейді қалай асырап алғаны жайлы айтты

Белгілі әнші Мақпал Жүнісова «1001 түн» бағдарламасында денсаулығына байланысты сәби көтере алмағанын мойындап, Мерейді асырап алуды күйеуі Заманбек Нұрқаділовтің өзі ұсынғанын жасырмай айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Менің екі балам шетінеп кетті. Денсаулығым нашарлаған соң Зәкең екеуіміз бір баланы асырап алайық деп жүргенбіз. Сөйтіп келінім үшінші қызды дүниеге әкелді. Сонда Зәкең: «Екі қызы бар ғой, бұл қызды бізге берсе, не болады?» деді. Мен 9 ай толғатып, өмірге әкелген баласын ешкім бермейтін шығар деп ойладым. Келінім перзентханадан шығатын күні екеуіміз ұшып бардық, Зәкең анамның, келінімнің алдынан өтіп: «Мақпал да бақытты болсын. Осы қызды бізге беріңдер. Бұл қыз құт болып келіп, келін бірден ұл туады» деді. Қазақтың ырымы ғой. Анам да Зәкеңді сыйлап: «Иә, Мақпалым да бақытты болсын. Берейік, сендердің қолдарыңа берсек, жаман қыз болмас» деп бізге ақ батасын берген еді. Содан біз Мерейімізді перзентханадан алып шықтық. Сөйтсем, Зәкең маған айтпай, Қарағандының әкіміне хабарласып, қыздың құжатын толтыртыпты», – дейді өнер иесі.

Мақпал Жүнісова Мерейдің туған бауырларымен де жақсы қарым-қатынаста екенін айтты.

«Мерей расымен құтты қыз болды. Біз алып кеткен соң келінім Бексұлтан, Бекайдар деген ұлдарды дүниеге әкелді. Мерейдің екі інісі, екі әпкесі бар. Олардың бәрін өзімнің балаларым десем болады. Өзім ұзатып, үйлендіріп жатырмын. Менің қызым бақытты. Бауырларымен өте жақсы араласады. Мерей Зәкеңнің өзі беріп кеткен «Заманбек» деген тегін ауыстырмайтынын айтты. «Менің әкем – Заманбек. Мен папамды жақсы көремін» деп айтып отырады. Өйткені мен солай тәрбиеледім. Зәкеңнің өзі Мерей 18-ге толғанда бар шындықты айтамын деген еді. Бірақ өзі өмірден өтіп кетті. Мен де өмірден кетіп өтіп кетпей тұрып шындықтың бетін ашып кетейін дедім. Басында Мерей сенген жоқ, жылады. Бірақ соңында мені анасы ретінде мойындады», –дейді Мақпал Жүнісова ақтарыла.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0