пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
1oC
Астана:
icon
-4oC
×

Шахизаданың өзінен 18 жас кіші төртінші күйеуі өзге әйелмен көзге түсті

Белгілі әнші Шахизада көпшілікке сүйіктім деп таныстырған Ерболат Ержанбаев келіншегімен қайта қосылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі көпшілікке келіншегін таныстырып, бірге бейнебаянға түсті. Осылайша әнші өзі жайлы қауесетке нүкте қоймақ.

«Жүрегімнің ішіндегі жүрегім. Үш ұлымның аяулы анасы есімі Мереке. Елі – Қоңырат, Құлшығаш. Біз бақытты жандармыз. Аллаға сансыз шүкір. Бізде бәрі жақсы. Айтпақшы осы уақытқа дейін инстаграм парақшасы болмаған. Көп сынай бермеңіздер, менің келіншегім актриса емес, жәй қарапайым мұғалім. Өзім осы видеоға түсші деп ұсыныс жасадым. Әрине, түсуге қысылды», – деп жазды Ерболат Ержанбаев.

Көпшілікке Шахизаданың сүйіктісі боп танылған әнші әйелімен бақытты екенін айтқан соң желі қолданушылары эстрада жұлдызымен қарым-қатынасы туралы сұрақтарды жаудырды.

«Шахизада не болды?», «Шахизаданы халыққа өзін таныту үшін пайдаланды», «Осыған тұрмысқа шыққанын айтып әлемге жар салған жоқ па, Шахизада ханым», «Түсініксіз болып кетті», – деп жазды желідегілер.

Что думаете об этом?
Нравится 9
Мне все равно 0
Забавно 1
Сочувствую 0
Возмутительно 0