Отандық продюсер Гүлзира Айдарбекованың кенже ұлы әлеуметтік желіде жазба жариялап, әкесінің сынына ұшырады. Заңғар Нұртастың жүктеген суретіне әкесі Нұртас Айдарбек пікір қалдырған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
«Лайв контент лайықты деп ойлайсыздар мА», - деп жазды Заңғар Нұртас Instagram желісінде.
Видеода Заңғар Нұртас көшеде белгісіз аруды тоқтатып, үстіндегі киімінің қанша екенін сұрайды. Түсірілім барысында хитменнің інісі белгісіз аруды тоқтатып, орыс тілінде сұрақ қоя бастайды.
Ал осы жазба астына Заңғардың әкесі Нұртас Айдарбек пікір қалдырып, ұлынан қазақша сөйлеуді талап еткен.
«Балам, қазақша қайда», - деп жазды Нұртас Айдарбек.
Желі қолданушылары Заңғардың әкесінің айтқанына қосылатынын білдіріп, пікір білдірді.