понедельник, 25 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-3oC
Астана:
icon
-3oC
×

Фариза Ескермес өзі секілді арық болғысы келетін аруларға ескерту жасады

Отандық актриса Фариза Ескермес өзі секілді арық болғысы келетін қыздарға құпиясын бөлісті. Өнер иесі бойжеткендерді өзінен үлгі алмауға шақырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/fariza_yeskermes
Фото: instagram.com/fariza_yeskermes

Актриса Instagram парақшасында оқырман сауалына жауап берген.

Желі қолданушысы Фариза Ескерместен «Сіз секілді сымбатты болғым келеді. Құпияңызбен бөлісіңізші», — деп сұраған.

Ал өнер иесі бойжеткендерге арық болудың қандай қиыншылықтары жайлы бөлісті.

«Достар, менен үлгі алмаңдаңыздар. Мен өте арықпын, бірақ денсаулығым сыр беріп жүр. Шашым қатты түсіп жатыр. Тәбетім жоқ. Бұл жақсы нәрсе емес. Қазір ағзамдағы темір жетіспеушілігін қалыпқа келтіру үшін дәрі ішіп жүрмін. Сондықтан сымбатты мүсін денсаулығың жақсы дегенді білдірмейді. Өз қалпыңызды қабылдаңыз. Спортпен айналысыңыз, пайдалы тағам жеңіз, өмірдің рахатын сезініңіз», — деп жауап берді Фариза Ескермес.

Что думаете об этом?
Нравится 1
Мне все равно 3
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 9