воскресенье, 24 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
1oC
Астана:
icon
-3oC
×

Айгүл Мүкей мобилограф Қыран Талапбектің әйелі сататын курсты сынап тастады

Мобилограф Қыран Талапбектің жұбайы Гүлзада Тұрлаш желіде курс сата бастаған. Алайда сатылымы күні кеше ғана ашылған курсты тележүргізуші Айгүл Мүкей сынап тастады, деп жазады KAZ.NUR.KZ

Фото: instagram.com/gulzada_tl
Фото: instagram.com/gulzada_tl

Әлеуметтік желідегі мәліметке сүйенсек, Гүлзада Тұрлаш авторлық курсын 19 мың 990 теңгеден сатуда.

«Қыран Талапбекті құрметтеймін. Ол талантты азамат. Мүмкін, әйелі де жақсы шығар. Бірақ таусылмайтын курсты осындай жолмен сатқан жақсы нәрсе емес және үлгілі іс емес. Маған «Ол басқаша айтқысы келді» демеңіздер. Мен еститінімді естідім», — деп жазды Айгүл Мүкей Instagram парақшасында.

Айгүл Мүкей бөліскен видеода Қыран Талапбектің қазіргі әйелі өзін «қарым-қатынас эксперті» деп атайды.

«Мен Гүлзада Тұрлаш. Мен қарым-қатынас экспертімін. Мына көлікті күйеуім бірге тұрғанымызға бір ай өткенде алып берді. Егер сен де ер адамнан осылай сыйлық алғың келсе, сені «Мен бақытты әйелмін» атты авторлық курсыма шақырамын», — дейді Қыран Талапбектің әйелі.

Желі қолданушылары да мобилографтың әйелінің бұл курсын сынға алып, түрлі пікір білдірді.

Айта кетейік, күні кеше Қыран Талапбек құны 1,5 млн доллар тұратын үйін көрсетті.

Что думаете об этом?
Нравится 2
Мне все равно 1
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0