Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова энергенияны қайдан алатынын айтты, одан қалды ол ұлдары мен келіндеріне қандай ақыл айтатынын көпшілікпен бөлісті, бірақ Қайрат Нұртастың анасының бұл сөздері оқырманның бәрінің бірдей көңілінен шықпаған тәрізді, El.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Көпшілік менен сіз неге шаршамайсыз? Энергияны қайдан аласыз деп сұрап жатады. Кішкентайымнан ата-анамның берген тәрбиесі. Еңбекқорлық, қарапайымдылық дегенді мен ұстап қалдым. Ұлдарыма да, келіндеріме де айтарым сол. Ешқашан аспандап кетпеңдер, қарапайым болыңдар. Алма ағашы гүлдеген сайын басын иеді ғой, сол сияқты болыңдар дедім...», - деп ағынан жарылды продюсер.
Десе де көпшілікке Айдарбекованың бұл ойы жақпай қалды.
«Бәрі ақшаның арқасы, ақшаң болса, өзі де энергияң тасиды», «Келіндеріңізге қатысты айтып тұрсыз ба? Жұлдызбен араларыңыз суып кеткен ғой деймін...», «Енді сіздің ақыл айтқаныңыз қалып еді, бәрі ақыл айтқыш әйтеуір» деп сөгіп тастады көпшілік.