пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
1oC
Астана:
icon
-3oC
×

«Анам екеуміз ғана әкемнің жерлеуіне қатыстық»: Құралай Нұрқаділова әкесінің ақтық сапары туралы айтты

Белгілі дизайнер, Құралай Нұрқаділова тағы да ел алдына шығып, ашық сұқбат берді. Бұл жолы отбасының ел білмейтін сырларының шетін шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bilgen durys бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: әлуметтік желі
Фото: әлуметтік желі

Дизайнер қанша жыл өтсе де әкесі Заманбек Нұрқаділовтің екінші отбасымен қарым-қатынасы жақсармаған.

«Мен әкеммен 15 жыл араласпадым, анам да оны көрген жоқ. Әкемнің қазасы әлі күнге дейін жұмбақ. «Жаңа Қазақстан» құрылмай шындық ашылмайды. Қазір әкеммен қызметтес болғандар тек өз нұсқаларын айтып жүр. Өлім себебі нақты айтылған жоқ», — дейді дизайнер.

Ислам дінінде суицид жасаған адамның жаназасы шығарылмайды деген үкім бар.

Бұл жағы қалай болды деген сұраққа дизайнер сәл күрсініп былай деді: «Ол туралы имамдар ақылдасты. Киіз үйге кіріп, барлық жолдастары ақылдасқаны есімде. Шығарып салу рәсіміне де біраз қайраткер тұлғалар келді. Бір қызығы жерлеуіне анам екеуміз ғана бардық. Мақпал барған жоқ. айналамыз толған ер адамдар. Анам екеуімізге онымен қоштасуға басқаларға қарағанда көбірек уақыт берді. Әлі күнге дейін ол тақырыпта сөйлесу маған қиын. Қыз бала зиратқа ер адамсыз бармауы керек дегенді естідім. Бірақ мен әкемнің құлыптасының басында отырып жиі сырласамын», — дейді Құралай Заманбекқызы.

Сонымен қатар Құралай Нұрқаділова әкесінің екінші некесіндегі қызы Мереймен араласқысы келетінін жасырмады.

«Мерейді өзім іздеп отырамын. Әкемнің туған қызы болмаса да, менің сіңілім болып қала береді. Алтынбек Қоразбаев ағамыз арқылы телефон нөмерін тауып алып, бірнеше мәрте хабарластым. 10 жылдан бері араласуға ниетті екенімді білдіріп келемін. Мерейдің өзі: «Сізге ренжімеймін. Мен де араласуға қарсы емеспін» деген болатын. Бір күні хабарласқанымда: Екі аптаға демалысқа кетіп барамыз. Содан кейін хабарласайық», — деді. Бірақ хабарласқан жоқ. Бала болғасын, дайын емес болар деп ойладым. Кейін мені бұғаттап тастағанын білдім», — дейді дизайнер.

Психология саласын да меңгеріп жатқандықтан, көзбояушылықпен айналысқан дұрыс емес дегенді алдыға тартты.

«Мереймен кездесе қалсам, онымен қыдырғанымды желіге салмаймын. Ондай көзбояушылық қолымнан келмейді. Адам өзінің ішкі сезімімен шынайы болуы керек. Психология да осыны жиі еске салып, түсіндіреді. Мерей уақыты келгенде бәрін түсінеді. Екеуміздің араласпай қалуымызға ешкімді кінәламаймын», — дейді қос мамандық иесі.

Что думаете об этом?
Нравится 1
Мне все равно 1
Забавно 1
Сочувствую 0
Возмутительно 0