пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
1oC
Астана:
icon
-3oC
×

«Бәрі қарсы шықты»: Абай Бегей екінші рет шаңырақ көтергеніне қатысты пікір айтты

Қазақстандық танымал әнші Абай Бегей екінші мәрте шаңырақ көтеруіне қатысты пікір білдіріп, басынан өткен ауыр кезең жайлы сыр шертті. Өнер иесі әйелінің қазасынан кейін үйленбек болғанда оған бәрі қарсы шыққан. Туған қызы әкесімен біраз уақыт араласпай кеткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ

Фото: instagram.com/abai_begei
Фото: instagram.com/abai_begei

Абай Бегей өмірінде болған ауыр кезең жайлы «Ұрпақ» подкастында жан сырын ақтарды.

Ол үйленетінін айтқанда бәрі одан теріс айналғанын жеткізді. Әнші сол сәтте шығармашылық тұрмақ, өмір сүруге де ниеті болмағанын айтты.

«Мен екінші рет үйленем дегенде бәрі маған қарсы шықты. Үлкен қызыммен біраз уақыт араласпадық. Қайын жұртым да араласқысы келмеді. Бір тойда үш жүз адамның алдында амандасайын деген кезде қолымнан қағып жіберген кез де болды. Үйленбегенімде маған ешкім қарсы шықпас еді. Бірақ қыздарым біреуі бесте, біреуі жетіде болды. Үш жарым жыл бойы өзім киіндірдім, қарадым. Іс-сапарға кетіп қаламын. Қиын болды.

Сол кезде қыздарыма анасындай болмаса да, әпкесіндей қарайтын біреу болу керек екенін түсіндім. Басында үйленбеймін деп шешім қабылдағанмын. Туыстарым қашанғы келіп көмектесіп тұрады деп ойладым. Солай үйленейін, бәріміз бір жерде болайық деген кезде маған бәрі қарсы шықты.

«Үйленсең, кет. Өзіміз қараймыз» деген сөздер болды. Ешкімге керек еместей болып қалдым. Қанша жиналып шешуге тырыстық. Бірақ болмады. Бәрін уақытқа салдым. Осылай боларын білдім. Үйлену керек болды. Ағаларыммен ақылдастым. Мен неке қиған күннен басталды ғой. Енді міне төрт жыл дегенде бәрі реттеліп келеді. Оның алдында шығармашылық тұрмақ, өмір сүруге құлшыныс болмай қалған. Сондай-ақ, өнер иесі екінші келіншегі Фаризамен қалай танысқанын айтып берді.

«Досымның тойында таныстым. Ол кезде ойымда ештеңе болған жоқ. Бір жағынан жас қыз болғаннан кейін ойламадым да. Айнұр деген қарындасым да бар ды сол тойға.

Сол «қыз жолдас қалай екен? Қарап көрші, мен сөйлесейін» деді. Содан әңгіме басталып кетті. Қайтарда Фариза екеуіміз ұшақпен бірге қайттық.

Телефон нөмірін алдым. Жазсам үш-төрт айдай жауап бермейді. Бірақ бір күні жауап берді. Қолы тимей жүргенін айтты. Сосын жеті айдай араласып жүрдік. Басқа адамдарды да көрдім. Бірақ қыздарыма анасындай болмаса да, барынша үлгі болатындай жанды іздедім. Мен үйленбеймін деп жүргенде осылай болды. Дегенмен қыз балаларға әйел адам қарамаса қиын екен», — деді ол.

Что думаете об этом?
Нравится 2
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 1
Возмутительно 0