четверг, 2 мая 2024 г.
icon
442.05
icon
474.14
icon
4.74
Алматы:
icon
8oC
Астана:
icon
8oC
1xadv
×

«Мұны көргенше, өліп кетуім керек еді»: Ермек Тұрсынов Дариға Бадықованың фильмін сынап тастады

Танымал режиссер Ермек Тұрсынов Дариға Бадықованың «Таптым-ау сені» фильмін сынап тастады, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Бұл туралы ол «Мүмкін емес» Youtube-арнасына берген сұхбатында бөлісті.

«Кинода не болып жатыр? Мен мұны бұрын да айтқан едім. Бұл - толық деградация. Менің ойымша, бұл диверсия. Дәл қазір біздің көз алдымызда диверсия болып жатыр.

Көп адам барып жатыр. «Таптым-ау сені» фильмі сұмдық қой. Мен ерінбей бардым. Сұмдық болса да, зал толы болды. Елестетіп көрші.

Адамдардың санасы мен жаны сонша уланған, не көріп отыр? Мен тұрып «сендерді алдап отыр» деп айтқым келеді.

Қазір неше түрлі акртерлер, режиссерлер пайда болған? Экранда не болып жатыр? Мұны көргенше өліп кетуім керек еді», — дейді ол. 

Что думаете об этом?
Нравится 37
Мне все равно 5
Забавно 4
Сочувствую 4
Возмутительно 11